Барлығы осыдан 10 жыл бұрын Айжан бала күтімі бойынша демалысқа шыққанда басталыпты. Айжан банкте жұмыс істеп, декреттік жәрдемақы алған соң уақытты босқа өткізбейін деп лэшмейкер, яғни кірпік жасаушы мамандығын меңгерген. Кәсібін енді бастаған өзге аналар сияқты Айжан да алғашқыда жұмысты үйде отырып істеген. Ол кірпік жасатуға жазылып қойған тұтынушыларын сәбиі ұйықтап жатқанда қабылдайтын. Баласы сәл өскен соң Айжан сұлулық салондарында кірпік шебері болып жұмыс істей бастайды. Ал екі жылдан кейін екінші қызы дүниеге келеді, ал Айжанның жұмысқа толы декреттік демалысы жалғаса береді.
Айжанның айтуынша, оған клиенттерден маза жоқ, себебі ол он жыл бұрын Алматы облысындағы Қаскелең қаласында ең алғашқы кірпік шеберлерінің бірі болған. Ол бұл саланың болашағы бар екенін ерте түсініп, өзінің орнын тапқанына өте қуанышты. Кәсіп бастау барысында Айжан өзінің сіңлін де кірпік жасауды үйренуге шақырады және содан бері екеуінің жұбы жазылған емес. Араға біраз жыл салып Айжан өзінің салонын ашады және қазір онда бес шебер жұмыс істейді. Әзірге сұлулық салоны орналасқан ғимарат жалға алынған, бірақ Айжан болашақта өзінің жеке ғимараты болғанын қалайды және сол арманды шындыққа айналдыру үшін талмай еңбек етпекші.







