Наурыз – халықтың қыстан кейін біртіндеп «ояна» бастайтын айы, белсенді сатылымдар айы. Әдетте қаңтар-ақпан айларында сатылым деңгейі орташа көрсеткіштен 15% төмендейді де, наурызда нарық қайта жандана бастайды. Біз карантин кезінде адамдар үйде отырғандықтын линзаларды қажет етпейді деп ойладық. Алайда карантинннің алғашқы аптасы көрсеткендей, клиенттеріміз линзаларды сатып алуын тоқтатқан жоқ. Линзалар – медициналық мақсаттағы бұйымдар, сондықтан олар қатаң карантин кезінде сатуға болатын тауарлар тізіміне енді. Дегенмен бастапқыда бізге мұны дәлелдеу оңайға түскен жоқ – тізімдер жасауға, мекемелерге жүгінуге, хаттамалар толтыруға тура келді. Нәтижесінде наурыз айын жылдың ең «үздік» айы ретінде тәмамдадық, әдетте мұндай жоғары сатылымдарды демалыстар кезеңінде, яғни жаз айларында жасайтынбыз.
Елде ТЖ жарияланған бойда біз жылдам әрекет еттік – барлық бағдарламаларды реттеп, келесі күні-ақ барлық қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алатындай техникалық тұстарды ойластырдық. Жүктеме артты, дегенмен қолымыздан келді. Біздің командамыз өте тату, барлық процестер бұрыннан жолға қойылған, сондықтан қашықтан жұмыс істеу ешқандай қиындық туғызған жоқ.
Бізде Алматы бойынша аптасына алтын күн жеткізу қызметі жұмыс істейді, аймақтарда жеткізумен айналысатын бірнеше қызметтеріміз бар. Біз – Қазақстанның барлық аймақтары бойынша өз клиенттеріне линзаларды үздіксіз жеткізіп келген және өз ісін жалғастырып отырған жалғыз компаниямыз. Бұл - серіктестермен іс жүргізудің тиімді жолға қойылғанының арқасы. Жеткізу уақыты ұзарды, дегенмен Алматы және бүкіл Қазақстанның жабық екенін ескерсек, бұл қалыпты құбылыс. Блокпосттардың арғы жағында қалған адамдар қаладан бөлініп қалды, сондықтан түрлі оқиғалар орын алды – курьер тауарды тапсыру үшін қалалық пен облыстық блокпосттың арасында екі километр жүріп барған жағдай да кездесті.
Карантин кезіндегі біздің жетістігіміздің кілті – жауапкершілігі мол адамдардан тұратын мықты командамыз. Қызметкерлер карантин біткен соң да қашықтан жұмыс істей аламыз ба деп сұрауда. Мен «иә» деп жауап беремін, себебі осы бір жарым ай ішінде процестердің қалай үйлесімді жүріп жатқанына көзім жетті. Оның үстіне кейбір қызметкерлер қаладан шалғай тұрады.