Бүгінгі таңда университетте оқу міндетті ме, әлде мамандандырылған курстан өту арқылы қалаған мамандыққа ие болуға бола аласың ба? Жоғары білімнің болуы жұмысқа орналасуға және мансап жағынан өсуге әсер ете ме? Диплом алу үшін бірнеше жыл жоғалтудың қажеті бар ма? Manshuq авторы Мәдина Бөлембаева оқудың барлық жақсы және жаман жақтарын таразылауға тырысты, сондай-ақ дипломмен және дипломсыз өз ісінде жетістікке жеткендердің пікірлерін білді.
Мадина Бөлембаева
15 желтоқсан, 2021
ЖОО КЕРЕК
Жоғары білімі жоқ дәрігерде емделу немесе әуесқой сәулетші жобалаған үйде тұру – басқасын айтпағанда қауіпті. Іргелі университеттік білімсіз игеруге болмайтын бірқатар мамандық бар. Егер сіз адамдарды емдеймін немесе объектілерді жобалаймын деп жоспарласаңыз, онда бес-жеті жыл дәріс тыңдап, сессия тапсыру және тәжірибеден өту қажет. Болашақ химиктер, банкирлер, заңгерлер мен басқа да көптеген кәсіпқойлар үшін курстар, әрине, негізгі білім ретінде емес, біліктілігін арттыру үшін ғана пайдалы болады.
ЖОО КЕРЕК ЕМЕС
Ал ұшқыштың жөні бөлек. Иә-иә, бұл таңғаларлық жайт, бірақ кейбір авиакомпаниялардың сайттарында болашақ экипаж командирлерінің тек орта немесе орта арнайы білімі болуы жеткілікті деп көрсетілген. Ұшқыштар мектебінде бір-екі жыл оқып, тағы бір жылды шетелде тағылымдамадан өтуге арнасаңыз болды – ұшақты басқарасыз. Айтпақшы, жолсерік болғысы келетіндер де арнайы курстан өтеді. Метро машинистері, трамвай және автобус жүргізушілері – олардың барлығына жоғары білімнің болуы маңызды емес.
Бағдарламашылар мен басқа IT мамандарына жоғары оқу орнында оқу мүлдем қажет болмауы мүмкін. Кодтау, жазу, әзірлеу тәжірибе жүзінде жақсырақ іске асады. Тез өзгеретін бұл бағыт үшін университеттер тым ебедейсіз. Цукерберг пен Джобс Гарвард пен Йельсіз-ақ өз империяларын құрды. Сондай-ақ зергер, реставратор, дизайнер, актер, модель, хабар жүргізуші мен аспаз да онсыз жетістікке жетіп жатыр. Бұл кәсіпқойлар үшін портфолио, харизма мен дағды әлдеқайда маңыздырақ. Ал құтқарушы, өрт сөндіруші, модель мен бишіге дене шынықтыру қажет.