Перизат Кәрімқұл
3 қыркүйек 2024


– Оқу бітірген соң, дүкендерде сатушы болып істедім. Бірақ 90-шы жылдары дүкендер жабыла бастады, жұмыс болмады. Содан жұмыссыз отырмайын деп базардан орын алып, саудаға кірісіп кеттім. Өмір бойы осы іспен айналысып келе жатқаннан ба, қазір өзімді саудадан басқа салада көрмеймін. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді ол.
Алғашында Гүлім дәнді дақылдар мен бидай өнімдерін сатқан. Уақыт өте келе жаңғақтарға көшкен. Қазір түрлі тәтті, печенье, сүт өнімдері сияқты тамақ түрін ұсынады.
– Одан көп демаламын десең, өз еркіңде ғой, әрине. Бірақ тамақ өнімдерін сататын болған соң, оны ұзақ ұстауға болмайды. Келген адамға әрдайым жақсы, сапалы өнім сатуың керек деп ойлаймын, – дейді ол.
Гүлімнің айтуынша, базардағы жұмыстың өз «қызығы мен шыжығы» бар. Бірақ ол шыдамдық пен табандықтың арқасында кез келген қиындықты еңсеруге болатынына сенімді.
– Тауарды көбейтуге ақша жетпейтін кездер болды, сол кезде басқадан сұрағанша деп, KMF-ке жүгіндім. Содан бері жақсы араласатын танысым, базардағы әріптесім Рахимамен «KMF-Достар» бағдарламасы бойынша несие алып, тауар ассортиментін жаңартып отырамыз, – дейді кәсіпкер.








