Top.kz компаниясымен бірлескен арнайы жоба аясында Manshuq күн сайын мыңдаған үйлер мен кеңселерге тазалық, ұқыптылық пен жайлылық сыйлап жүрген әйелдердің хикаяларын ұсынады. Біздің келесі кейіпкеріміз – тазалыққа деген махаббатын табысқа айналдыра білген Әсем И.
19 желтоқсан 2025
«Top.kz компаниясында жұмыс істеп жүргеніме келесі жылы бес жыл болады. Отбасымда белгілі бір жағдайлар болып, жұмыс іздеуге тура келді. Мен компанияға уақытша жұмыс іздеп келгенмін, бастапқыда бір-екі ай істеуге болатын жұмыс деп ойладым. Жұмысқа тұрдым, тапсырыстар алдым, ұнады және сосын компанияда қаламын деген шешім қабылдадым. Өзіме ыңғайлы уақытта жұмыс істейтінім ұнады. Ең басты шартым сол болды.
Айтпақшы top.kz-те менің анам да жұмыс істейді. Оның осы компанияда қызмет етіп жүргеніне 8 жылдай уақыт болды . Бір жағынан анам арқылы танитын болған соң, мен де top.kz компаниясына орналасуды жөн көрдім. Жұмысқа тұрған кезде ешқандай да қорқыныш не қобалжу сезімі болған жоқ. Себебі өзім тазалықты жаным сүйетін адаммын. Үй жинағанды, заттарды реттеуді және жан-жағымды таза, әрі ұқыпты ұстағанды ұнатамын. Осы қасиеттерім маған көмектесті деп ойлаймын.
Негізгі мамандығым медбике, бірақ ол сала мүлдем тартпайды да, ұнамайды да. Мен осыған дейін көп жұмыс істедім. Ол кездегі табысым қазіргі табысымнан біраз аз еді. Top.kz-ке жұмысқа тұрып, отбасымдағы көп мәселелерді шештім. Оған разымын. Екі-үш күн тапсырыс алмай, дем алып қалсам, жұмысты сағынамын. Жұмыссыз отыра алмаймын. Клиент риза болған кезде, шаршағанның бәрін ұмытамын және сол сезім өзіме қатты ұнайды».




