Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
Әке жолын қуған Дінзухра Нұрғисақызы туралы не білеміз
Дайджест

Әке жолын қуған Дінзухра Нұрғисақызы туралы не білеміз

2 мин.
10.09.2026
2 мин.
10.09.2026
Manshuq
Manshuq

Сіз әйел дирижерлерді білесіз бе? Қазақстанда бұл мамандықты таңдаған әйелдер көп емес. Солардың бірі – «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Дінзухра Тілендиева. Бүгінгі дайджестте оның музыкаға қалай келгені, әкесі Нұрғиса Тілендиевтен алған тәрбиесі және дирижерлік жолы туралы айтамыз.

Manshuq

10 қыркүйек 2026

Дінзухра Нұрғисақызы Тілендиева – дирижёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.

83c3c36088d37c81d798d52f82c2b80a-scaled.jpg.webp

Дінзухраның есімінің өз тарихы бар. Ол дүниеге келгенде әкесі Нұрғиса Тілендиев Дінмұхамед Қонаевтың үйіне барып, қызына оның есімін беруге рұқсат сұраған. Осылайша Дінмұхамед пен оның жары Зухраның есімдерінен Дінзухра есімі пайда болған. Алайда құжатында анасы таңдаған Динара есімі жазылған. Сондықтан оның екі есімі бар: күнделікті өмірде оны Динара немесе Дінзухра деп атайды, ал сахнада Дінзухра есімін қолданады.

Дінзухра туғаннан музыкаға «шомылып» өсті деуге болады. Ол бес жасынан бастап Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде оқыды. Алғашында скрипка класына қабылданғанымен, Нұрғиса Тілендиев қызының фортепианода ойнағанын қалап, оны пианино класына ауыстырған. Сегізінші сыныптан кейін Дінзухра өз қалауымен домбыра үйрене бастайды. Кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дирижер Төлепберген Әбдірашевтің класында білім алды.

SnapInsta.to_648962424_18087557704914086_5478114529438241606_n.jpg

Нұрғиса Тілендиев өмірден өткен кезде Дінзухра небәрі 13 жаста еді. Кейін консерваторияда оқып жүрген кезінде әкесі құрған «Отырар сазы» оркестрінде тәжірибеден өтіп, оқуын аяқтағаннан кейін Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің оқушылар оркестрінде жұмыс істеді. Одан кейін «Отырар сазына» келді. 2009 жылдан бері Дінзухра Тілендиева оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарып келеді.

Дінзухра өзі дирижерлікті әйелдер мен ерлерге бөліп қарастырмайды. Оның айтуынша, Қазақстанда әйел дирижерлер аз болғандықтан, көпшілік оларды әлі де ерекше қабылдайды. Ал шығармашылықта адамның жынысынан бұрын қабілеті мен еңбегі маңызды.

Бүгінде Дінзухра жетекшілік ететін «Отырар сазының» репертуарында Құрманғазы, Қазанғап, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев сияқты композиторлардың шығармаларымен бірге классикалық және заманауи туындылар да бар. Оркестр Қазақстанда ғана емес, көптеген шет мемлекетте өнер көрсетіп жүр. 2025 жылы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай ұжым Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде концерт берді.

SnapInsta.to_590820714_18535482397059240_6076364663986018726_n.jpg

Дінзухра бүгінде әкесі негізі қалаған «Отырар сазы» оркестрін басқарып, Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын жаңа буынға таныстырып жүр. Оның айтуынша, кейінгі жылдары оркестр концерттеріне келетін жастардың саны да артқан. Дінзухра мұны жақсы өзгеріс деп қабылдайды және «Отырар сазының» бұрыннан қалыптасқан дәстүрін сақтай отырып, заманмен бірге өзгеруіне мән береді.

Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

КОММЕНТАРИИ

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

09 сент. 2026 г.6 мин

Махаббат, мұң, мінез: Фариза Оңғарсынова әйелдер жайлы не жазды?

07 сент. 2026 г.2 мин

Көшпенділер ойындарында көрермен көзайымына айналған Аяш Қабдолла туралы не білеміз

04 сент. 2026 г.8 мин

Первые в семье: кто такие студенты первого поколения и почему о них так мало говорят

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхивРекламаMedia Kit
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика