Жағымсыз алгоритмдердің әсеріне ең көп ұшырайтын аудитория – қарт адамдар. Олар мұндай контенттің әсеріне қарсы тұра алмайды, өйткені жарияланым оларда қорқыныш, үрей немесе қайғысына ортақтасу сезімін тудырады. Ал әлеуметтік желілер негізінен мұндай посттарды насихаттауға септеседі. Жаман нәрсені «ынталандыратын» алгоритмдер пайдаланушылардың мұндай контентке үйреніп кетуіне жағдай туғызады. Соның нәтижесінде көптеген пайдаланушы ұсынылып отырған тақырыпқа қызығушылық танытпаса да, таспа бәрібір фейк жаңалықтар мен кликбейт тақырыптардан тұрады.
Эфирден кейін «Алгоритмдердің жұмысын ескере отырып, өзіңді фейк және шындыққа сай келмейтін ақпараттан қорғау мүмкін бе?» деп ойландым. Ника жоқ деп жауап берді. Дегенмен, таспаңызды баптауды үйренуге болады екен. Мысалы, Facebook желісінде «Қызығушылық» бөлімі бар. Әр адамның жаңалықтар таспасына түсетін нәрсені редакциялап, тек сенімді дереккөздерге ғана жазылуына болады. Инстаграм алгоритмдері де осыған ұқсас жолмен жұмыс істейді және биыл пайдаланушыларда «Таңдаулыға» аккаунт қосу мүмкіндігі пайда болды. Twitter желісінде қиындау, себебі сіз жазылған пайдаланушылар не істесе, соның барлығы таспаға шығарылады. Соның ішінде лайктар да. Олардың жазған посттарына сенуге бола ма? Әркім өзі шешеді.