
Спецпроекты
11 мин.
30.09.2021
Неліктен инклюзия саласындағы мамандықтардың болашағы зор?
Инженерлер біздің өмірімізді қалай автоматтандырса да, эмпатияға және адамдармен байланысқа негізделген салалар әрқашан болады. Олардың бірі – инклюзия, нейротипті адамдар мен дамуының ерекшелігі бар адамдардың өзара әрекеттесуі. Бұл саланың болашағы неліктен зор екенін түсіну үшін Қазақстанда инклюзияны дамытып отырған адамдармен әңгімелестік.
Manshuq
Катерина Дзвоник – «Дәлме-дәл әрекет» (Действие буквально) инклюзивті театр лабораториясы кураторларының бірі, онда кәсіби әртістер және дамуының ерекшелігі бар (Даун синдромы мен аутизм спектріндегі бұзылуы бар) адамдар жұмыс істейді. Біз Катеринадан жұмысты қалай сәтті ұйымдастырып жүргенін және дамуының ерекшелігі бар әртістердің импровизациясы не себепті сәтті болатынын сұрадық:
Қазақстан қоғамында дамуының ерекшелігі бар адамдар негізінен әлеуметтік қарым-қатынастан оқшауланады, елден ала бөтен тұрады
Сәйкесінше, ерекшеліктері бар біздің әртістерімізде өзіндік дүниетаным, әлдебір сезгіштік пайда болды, ол біздің театрға ойдағыдай сәйкес келеді. Өйткені адамның әлеуметтенуі неғұрлым төмен болса, ол көркемдік шындықты соғұрлым өткір, керемет, әдемі қабылдайды. Мысалы, мен кәсіби әртістермен жұмыс жасағанда: «Ой, білмеймін, онда не істеу керегін мүлде түсінген жоқпын» деген сөзді естуім мүмкін. Ал ерекшелігі бар қыз-жігіттерде мұндай сәт мүлде болмайды. Олар үшін қызықты жағдай жасасаң, олардың қиялы оянады, содан кейін басқа ештеңе істеуің қажет емес. Олар кәсіби білімі бар адам әркез ойлап таба бермейтін керемет нәрселерді жасайды. Ал ерекшеліктері бар қыз-жігіттер мұны оңай жасайды, яғни олар «Не үшін?» және «Неге?» деген сұрақтарды мүлде қоймайды.
КОММЕНТАРИИ













