Қазақстанда Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Қиындыққа тап болған балаларға қолдау көрсету орталығы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, өмірдің қиындықтарына ұшыраған аналар мен балаларды қамқорлау орталығы жұмыс істейді. Аталған орталықтар ана мен баланы уақытша қамқорлығына алады, құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі, психологиялық кеңестер береді. Аталмыш орталықтар зорлық-зомбылыққа тап болған отбасымен жұмыс істеуді енді ғана дамытып жатыр. Ондағы мамандардың отбасының қажеттіліктеріне кешенді түрде баға беріп, жанұядағы балалармен жұмыс жоспарын жасақтап, қажетті ресурстарға қол жеткізуін қамтамасын ете алуы өте маңызды. Әрине, мұның барлығы тек қана орталықтың ресурстарына емес, мемлекет қамтитын ресурстарға да байланысты.
Қазақстанның Заңнамасы әзірге балаларға дене жарақатын салуға толықтай тыйым салған жоқ. Алайда әлемде жағдай өзгерген. 2020 жылы 50-ден аса мемлекет балаларға дене жарақатын салуға заң аясында тыйым салды, тағы 50 ел осындай заң қабылдауды жоспарға енгізді. Мемлекет балаларға күш көрсетуге тыйым салу арқылы оларды жәбірлеуге мүлде болмайтынын насихаттайды.
Қазақстанда халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді ескере отырып, балалардың зорлық-зомбылығының алдын алуға қатысты халық арасында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. 2020 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі Балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Еліміздегі білім және денсаулық саласына қатысты жаңа бағдарламалар да буллинг, зорлық құрбаны болған балаларға қолдау көрсету және оңалту мәселелерін көтереді.
Балаларды жәбірлеуге қатысты ЮНИСЕФ зерттеулері проблемаларды шешуге бағытталған заңның бар екенін, алайда енгізу тиімді нәтиже бермегенін анықтаған. Балаларға жасалған зорлық-зомбылық жағдайын хабарлау міндеттемесіне қатысты кез келген заңда, кез келген ережеде хабарлануға тиісті оқиғалар егжей-тегжейлі сипатталуы керек, хабарлама тәртібі мен нұсқаулығы көрсетілуі керек, хабарламағаны үшін санкция белгіленуі тиіс, сондай-ақ балаларды жәбірлеген, соның ішінде сексуалдық зәбір көрсеткен жағдайлар және күдікті туралы ақпаратты өз еркімен хабарлағандардың бәріне азаматтық, қылмыстық және әкімшілік қорғаныс қамтамасыз етілуі керек. Өкілетті органдар балалардың жәбір көруі және оларға сексуалдық қорлық көрсету жағдайын хабарларғаннан кейін оқиғаға қатысты міндетті тергеу жұмыстарын жүргізуге тиіс. Сонымен бірге құрбан балаларға қолдау көрсету қызметтері ұйымдастырылып, балаларды қорғаудың тиімді жүйесі жасақталуы қажет.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған БҰҰ Балалардың құқығы туралы Конвенциясына сәйкес, әрбір бала өзіне жасалатын кез келген зорлық-зомбылық түрінен қорғануға құқылы.