26 мамыр 2023
Отбасы жайлы
Отбасымның Ресейге қатысы жоқ. Ағам қазақша жақсы сөйлейді, апайым жақсы түсінеді әрі сөйлей алады, ал мен тіл білімімді дамытып жатырмын. Өзімді қазақстандықпын деп есептеймін. Ауылда өскендіктен қазақ достарым көп болды. Әркім өз тілінде сөйлегенмен, бәрі бір-бірін жақсы түсінетін – бала кезде мұның түк қиындығы жоқ. Әжемнің көршілері – Қарақалпақстаннан келген отбасы. Мереке күндері бізге әрдайым бауырсақ пен шелпек әкеліп беріп тұратын. Әжем де православ мерекесі күндері дайындаған асын бөлесетін. Бұл – көршілер арасындағы достық.
Қазақ сыныптарының балалары: «Ресейге қайт, сен орыссың» деп айтқан сәттер де болды. Мен болсам, «Неге? Мен осында тудым ғой!» деп түсінбейтінмін. Ойымда: «Мен кіммін?», «Мұнда не істеп жүрмін?» «Неге осындамын?» деген сұрақтар туындайтын. Әке-шешемнен сұрасам, олар: «Отаның – Қазақстан» деп жауап беретін.




