24 наурыз 2023
Спецпроекты
7 мин.
23.03.2023
Қайсы дұрыс? Желідегі қауіп-қатерге қатысты жасөспірімдердің сұрақтарына сарапшылар жауап береді
Кибербуллинг, кибералаяқтық және фишинг – жасөспірімдер желіде кездесетін жалғыз ғана қауіп емес. Павлодар медиасауаттылық үйінің сарапшылары Марал Айтмағамбетова мен Евгений Хабаров тинейджерлер өзін және жақындарын әлеуметтік желіде қалай қорғау керегін саралауға көмектеседі.
Адия Ахмер
Digital natives немесе «цифрлық аборигендер» – интернетсіз өмірді елестете алмайтын Z буын өкілі. Олар – қолында «смартфонын ұстап» дүниеге келген балалар, жасөспірімдер мен жастар. Олар бала кезінен YouTube, Instagram, TikTok, WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің арқасында онлайн режимде жүр.
Медиасауаттылықтың негізгі дағдыларының бірі – айналада қауіпсіз онлайн орта құру мүмкіндігі
«Manshuq медиасауаттылық сабақтары» арнайы жобасы аясында digital natives жарқын өкілдеріне жүгініп, олардан кибербуллинг, кибералаяқтық және фишингпен алғаш бетпе-бет келген сәттегі оқиғасын айтып беруін сұрадық. Содан кейін сарапшыларға хабарласып, мұндай жағдайда не істеу керегін, ең бастысы қауіпсіз не істеуге болатынын сұрап білдік.
«Жақында Instagram желісінде маған бір қыз жазылды. Профиль фотосына қарасам: құрдасым сияқты. Сипаттамасында жасы мен оқитын мектеп нөмірі көрсетілген. Парақшасында иттердің суреттері бар бірнеше жазбасын ілген екен. Мен иттерді жақсы көремін. Бір айға жуық хат алмастық. Оған мектебім, ата-анам туралы айтып үлгердім. Сабақтан кейін кездесуді ұсынып едім, ол бас тартты. Бір күні ол тез арада ақша керек екенін жазды. Ол анасының ауруханаға жиі түсіп қалатынын бұрындары да айтқан еді. Ата-анамнан көмек сұрадым. Ол шамамен елу мың теңгедей сұраған болатын. Бұл жағдайды әкеме хабарладым, ол бірден мұның фейк екенін айтты, оған қоса маған ұрысты. Фейк аккаунтты шынайы аккаунттан қалай ажыратуға болады?»
КОММЕНТАРИИ



