МАНСАП

«Жұрт әдемі шапандарды күнде кисе деймін: Қасқелеңдегі тігін шеберханасының тарихы»

МАНСАП

«Жұрт әдемі шапандарды күнде кисе деймін: Қасқелеңдегі тігін шеберханасының тарихы»

«Self-made: табысты ханымдар хикаясы» атты арнайы жобамыздың жаңа кейіпкері – Айжан Отарова. Айжан өзінің шағын кәсібін бала күтімі бойынша демалыс кезінде бастаған. Ал бүгінде ол – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жұмыс істеу бақытын беріп отырған әлеуметтік кәсіпкер. Оның қазір тігін шеберханасы мен сұлулық салоны бар.

Гүлзада Ксан
30 сәуір 2024

Сәнді шапанды қазақтың ұлттық киімі деп дәріптеп, қадірлі қонаққа сый ретінде ұсыну бәріміз үшін үйреншікті жайт. Ал бүгінгі мақаланың кейіпкері халқымыздың шапанды мейрамдарда ғана емес, күнде киіп жүргенін қалайды. Сондай оймен, Айжан жарты жыл бұрын шапан тігуді қолға алып, өзінің жеке тігін шеберханасын ашқан.


Барлығы осыдан 10 жыл бұрын Айжан бала күтімі бойынша демалысқа шыққанда басталыпты. Айжан банкте жұмыс істеп, декреттік жәрдемақы алған соң уақытты босқа өткізбейін деп лэшмейкер, яғни кірпік жасаушы мамандығын меңгерген. Кәсібін енді бастаған өзге аналар сияқты Айжан да алғашқыда жұмысты үйде отырып істеген. Ол кірпік жасатуға жазылып қойған тұтынушыларын сәбиі ұйықтап жатқанда қабылдайтын. Баласы сәл өскен соң Айжан сұлулық салондарында кірпік шебері болып жұмыс істей бастайды. Ал екі жылдан кейін екінші қызы дүниеге келеді, ал Айжанның жұмысқа толы декреттік демалысы жалғаса береді. 


Айжанның айтуынша, оған клиенттерден маза жоқ, себебі ол он жыл бұрын Алматы облысындағы Қаскелең қаласында ең алғашқы кірпік шеберлерінің бірі болған. Ол бұл саланың болашағы бар екенін ерте түсініп, өзінің орнын тапқанына өте қуанышты. Кәсіп бастау барысында Айжан өзінің сіңлін де кірпік жасауды үйренуге шақырады және содан бері екеуінің жұбы жазылған емес. Араға біраз жыл салып Айжан өзінің салонын ашады және қазір онда бес шебер жұмыс істейді. Әзірге сұлулық салоны орналасқан ғимарат жалға алынған, бірақ Айжан болашақта өзінің жеке ғимараты болғанын қалайды және сол арманды шындыққа айналдыру үшін талмай еңбек етпекші.

Айжан Отарова:

Айжан Отарова:

– Қаскелең – үлкен қала, – дейді Айжан. «Қаланың қай бұрышына бармасаң, сұлулық салонын көресің. Бірақ біз нарықта жүргенімізге 10 жыл болды және негізгі табыс көзіміз, әрине, біздің тұрақты келушілеріміз».
Айжан Отарованың тігін шеберханасында қазір үш тігінші бар. Шеберхананың тарихы 2023 жылдың қаңтарында жаңа бизнес ашу туралы ойдан бастау алған. Айжанның жеке ұлттық киім брендім болса деген арманы өте қарапайым опа-далапқа арналған сөмкелер мен дүкендерге барғанда ұстайтын экосөмкелерді тігуден басталған. Кәсіпкер бір жыл бойы осындай бұйымдарды тігумен айналысып, сосын ұлттық нақыштағы жейделерді тігуге кіріседі де, тапсырыс бойынша жұмыс істей бастайды. Ал алты ай бұрын Айжан күнделікті өмірде киюге болатын шапан тігуді бастаймыз деген шешім қабылдапты. Осынша кәсіп түрін дөңгелетіп отырған іскер ханым бизнесі үшін қаржыны көптеген жылдан бері KMF-тен алып келеді.


Айжан Отарова:

«KMF-тен қаржылық көмек алғаныма қуаныштымын, себебі соның арқасында бизнесімді дамыта алдым. Шұғыл ақша керек болса бірден KMF-ке жүгінемін. Себебі KMF-тің қызметкерлерімен жұмыс істеу өте оңай және ыңғайлы, маған өте қатты ұнайды. Жеке менеджерлер өте әдепті, әрі сыпайы және әр клиентке жеке жағдай жасап, көмек беруге әрдайым дайын тұрады. KMF-тің осындай жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуі ұнайды. Сондай-ақ, қазір барлық сұрақтарды мобильді қосымша арқылы онлайн режимде шешуге болатынына да ризамын».

Ұлттық нақыштағы киім тігу бұрыннан бергі арманым және мен ұлттық киімнің бірегей және таңдай қақтырардай болғанын қалайтынмын. Менің қолымнан шыққан киімді киген адамдар брендті танып, жақсы көрсе екен дейтінмін және адамдарға киімнің көмегімен ерекшеленуге көмектескім келетін. Шеберханамызда тігілген әр бұйымның, тіпті ең кішкентай опа-далапқа арналған сөмкенің де өзіндік тарихы бар. Бұл ең алдымен - адамның еңбегі. Мысалы, опа-далапқа арналған сөмке тұтынушыға жеткенше жеті адамның қолынан өтеді. Мен материалды таңдаймын, оны шеберханаға әкелемін, ал әкем кесіп-пішумен айналысады. Содан кейін өнім құрастырушының қолына түседі де, сыру және қабу жұмыстары жүреді. Осыдан кейін ғана біздің болашақ сөмкеміз бас тігіншіге жетеді. Бас тігіншіден кейін ұсақ-түйекпен әрлеу жұмыстарын жүргізетін шебер өз ісіне кіріседі. Ең соңғы бекет – сапаны бақылау, үтіктеу және жарнамалық материалдар түсіру. Тауар дүкенге түспей тұрып, осындай ұзақ жол жасайды, ал сосын ғана сатып алушының көзіне және кейін қолына түседі.

Айжан Отарова:


«Біздің заманда офлайн емес, онлайн сауданы дамыту әлдеқайда тиімді екенін түсіндім», - дейді Айжан. -Онлайн сауданың қызығы көп екен! Сатушыға төлейтін жалақы сомасын үнемдеуге болатыны өз алдына. Ал ең бастысы, әрине, қазіргі тұтынушылардың сауда жасағанда барынша аз күш жұмсағысы келетіні ғой. Дәл қазір маған бизнеспен айналысу жай қызмет көрсету саласындағы кәсіпке қарағанда қызығырақ».

Айжан жүргізіп отырған кәсіптің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі - әлеуметтік ықпал. Ұлттық нақыштағы киім тігетін шеберхана ұжымында ерекше қажеттілігі бар әйелдер жұмыс істейді. «Мен талай тренингтерге бардым, курстарды оқыдым және олардың бәрінде: «Өз кәсібіңді ашқың келсе, ең алдымен сенімді және мықты ұжым құр» деп айтатын», - дейді Айжан. – Рас екен. Мен 10 жылдан астам еңбек ету барысында алдымен сұлулық салонында, ал кейін шеберханада жүріп, айналама жақсы адамдарды жинағаныммен мақтанамын».

Қоғамда әлі күнге дейін ақша табу мен адамдарға көмектесу екі түрлі іс деген таптаурындар бар. Бірақ бұндай жалған пікірлерді өздерінің іс-әрекеті арқылы жоққа шығаратын адамдар бар. Әлеуметтік кәсіпкер тек пайда табуды ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге талпынады. Еліміздегі әлеуметтiк жағынан осал топтағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету – қоғамымыздағы ең маңызды мәселелердiң бiрi. Ал Айжанға қарап, біз ақша тауып, бизнесті дамытуды әлеуметтік мәселелерді шешуге әрекет етумен бірге алып жүруге болатынын көреміз.

Айжан Отарова:


«Әлемдегі әр адам жай ғана бақытты өмір сүрсе екен деген арманым бар. Сондықтан әйелдерге бақыт сыйлап, олардың әлемде өз орны бар маңызды адамдар екенін сездіруге барынша ат салысқым келеді. 


Ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істей бастағанда, оларды бақытты ететін зат мүмкіндік екенін түсіндім. Жұмысқа келу мүмкіндігі, басқа адамдармен араласу мүмкіндігі, дос болу мүмкіндігі және өзін басқа адамдар сияқты сезіну мүмкіндігі болған кезде шеберханадағы қыздар бақытқа кенеледі. Тігін шебераханасы арқылы үш әйелді жұмыспен қамтамасыз ете алдым, бірақ менің кәсібім кеңейген соң, мұқтаж адамдарға көбірек көмектесе аламын деген ойдамын».

KMF компаниясы 1997 жылдан бері бизнес үшін микрокредит өнімдерін ұсынып келеді. Бұл саудамен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен және қызмет көрсетумен айналысатын шағын және орта бизнес үшін таптырмас қаржылық қолдау. Шарттарымен толығырақ kmf.kz сайтынан немесе 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Георгий Чумаковтың суреттері

M

Читать также: