Сауданың сырын ұққан: Есік қаласындағы кәсіпкер әйелдер бизнесін қалай дамытуда?
Перизат Кәрімқұл
3 қыркүйек 2024
– Оқу бітірген соң, дүкендерде сатушы болып істедім. Бірақ 90-шы жылдары дүкендер жабыла бастады, жұмыс болмады. Содан жұмыссыз отырмайын деп базардан орын алып, саудаға кірісіп кеттім. Өмір бойы осы іспен айналысып келе жатқаннан ба, қазір өзімді саудадан басқа салада көрмеймін. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді ол.
Алғашында Гүлім дәнді дақылдар мен бидай өнімдерін сатқан. Уақыт өте келе жаңғақтарға көшкен. Қазір түрлі тәтті, печенье, сүт өнімдері сияқты тамақ түрін ұсынады.
– Одан көп демаламын десең, өз еркіңде ғой, әрине. Бірақ тамақ өнімдерін сататын болған соң, оны ұзақ ұстауға болмайды. Келген адамға әрдайым жақсы, сапалы өнім сатуың керек деп ойлаймын, – дейді ол.
Гүлімнің айтуынша, базардағы жұмыстың өз «қызығы мен шыжығы» бар. Бірақ ол шыдамдық пен табандықтың арқасында кез келген қиындықты еңсеруге болатынына сенімді.
– Тауарды көбейтуге ақша жетпейтін кездер болды, сол кезде басқадан сұрағанша деп, KMF-ке жүгіндім. Содан бері жақсы араласатын танысым, базардағы әріптесім Рахимамен «KMF-Достар» бағдарламасы бойынша несие алып, тауар ассортиментін жаңартып отырамыз, – дейді кәсіпкер.
– Қандай іс болмасын, үлкен сенім керек. Сенім бар жерде кез келген мақсатқа жетуге болады деп ойлаймын. Сәтсіздік болса, қолды бір сілтемеген жөн. Керісінше, өзіңе сеніп, өзіңді жігерлендіріп отыру керек.
– Қазір төсек-орын мен көрпеге арналған мата сатамын. Ойлап отырсам, 25 жылға жуық уақытта көп тәжірибе жинаппын. Осы күнге дейін бір адамдан жаман сөз естімедім, әр клиентпен жақсы мәміледемін, – дейді Рахима.
Базар – бәсекелестік мекені. Дегенмен Рахима басқа сатушылармен ешқашан бәсекеге түспегенін айтады. Кәсіпкер үшін маңыздысы – өз ісін жақсы істеп, клиенттер мен саудадағы әріптестеріне құрметпен қарау.
– Саудамен айналысып келе жатқалы түсінгенім – клиенттердің сенімі бәрінен қымбат. Сондықтан біреуден асып түсемін деп емес, кәсібімді қалай жақсарта аламын, клиенттерге қалай жақсы қызмет көрсете аламын деп ойланған дұрыс. Сол себепті әр клиентті жылы қарсы алып, оларға ең жақсысын ұсынуға тырысамын, – дейді кәсіпкер.
Есік қаласынан KMF филиалы ашылғалы бері Рахима мекеменің түрлі қаржы өнімдерін қолданып келеді. Ал он жыл бұрын әріптесі Гүліммен бірігіп, бірнеше рет «KMF-Достар» бағдарламасы бойынша несие алған.
– «Достар» бағдарламасы саудамды дамытуға үлкен ықпал етті. Соның арқасында тауарларды үнемі жаңартып, ассортиментімді кеңейтіп отырамын, – дейді ол.
Алдағы уақытта Рахима кәсіби тігін машинасын сатып алып, көрпе-жастық тігу арқылы бизнесін үлкейткісі келеді.
KMF құрылғалы бері әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды басты міндеттердің бірі деп санайды. Компания тиімді шарттары бар несиелік бағдарламалардан бөлек, әйелдердің кәсіпкерлік білімін арттыратын тегін іс-шараларды ұйымдастырады.