КАРЬЕРА

Жеке оқиға: «Таза еңбектен ұялмау керек деп ойлаймын»

Әлемді өзгертіп, оны өмір сүруге ыңғайлы жер ету туралы ойлағанда, көбіне үлкен жобалар мен даңғаза бастамалар елестейді. Бірақ күнделікті өмірді бізге байқатпай-ақ жеңілдетіп жүрген адамдар бар екенін естен шығармау керек. Олардың еңбегі көзге көп көрінбеуі мүмкін, бірақ әсері өте үлкен.


Top.kz компаниясымен бірлескен арнайы жоба аясында Manshuq күн сайын мыңдаған үйлер мен кеңселерге тазалық, ұқыптылық пен жайлылық сыйлап жүрген әйелдердің хикаяларын ұсынады. Біздің келесі кейіпкеріміз – тазалыққа деген махаббатын табысқа айналдыра білген Әсем И.

Manshuq

19 желтоқсан 2025

«Тазалықты жаным сүйетін адаммын»


«Top.kz компаниясында жұмыс істеп жүргеніме келесі жылы бес жыл болады. Отбасымда белгілі бір жағдайлар болып, жұмыс іздеуге тура келді. Мен компанияға уақытша жұмыс іздеп келгенмін, бастапқыда бір-екі ай істеуге болатын жұмыс деп ойладым. Жұмысқа тұрдым, тапсырыстар алдым, ұнады және сосын компанияда қаламын деген шешім қабылдадым. Өзіме ыңғайлы уақытта жұмыс істейтінім ұнады. Ең басты шартым сол болды.

Айтпақшы top.kz-те менің анам да жұмыс істейді. Оның осы компанияда қызмет етіп жүргеніне 8 жылдай уақыт болды . Бір жағынан анам арқылы танитын болған соң, мен де top.kz компаниясына орналасуды жөн көрдім. Жұмысқа тұрған кезде ешқандай да қорқыныш не қобалжу сезімі болған жоқ. Себебі өзім тазалықты жаным сүйетін адаммын. Үй жинағанды, заттарды реттеуді және жан-жағымды таза, әрі ұқыпты ұстағанды ұнатамын. Осы қасиеттерім маған көмектесті деп ойлаймын.


Негізгі мамандығым медбике, бірақ ол сала мүлдем тартпайды да, ұнамайды да. Мен осыған дейін көп жұмыс істедім. Ол кездегі табысым қазіргі табысымнан біраз аз еді. Top.kz-ке жұмысқа тұрып, отбасымдағы көп мәселелерді шештім. Оған разымын. Екі-үш күн тапсырыс алмай, дем алып қалсам, жұмысты сағынамын. Жұмыссыз отыра алмаймын. Клиент риза болған кезде, шаршағанның бәрін ұмытамын және сол сезім өзіме қатты ұнайды».

Top.kz – клиниң саласында сегіз жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан компания. Қазақстанның жеті қаласында қызмет көрсетеді және ай сайын аумағы 500 мың шаршы метрден асатын үйлерді, пәтерлерді, кеңселерді, дүкендер мен өндірістік нысандарды тазалайды.
Клиниңтің қызығы мен шыжығы жайлы


«Алғашқы жыл қиындау болды. Үйренісу бар және басымдағы «бұл уақытша жұмыс» деген ой бар. «Кетемін, кетемін» деп ойлайтынмын. Бірақ бір жылдай жұмыс істеуге мәжбүр болдым. Сосын үйреністім, басқа жұмыс істей алмайтынымды түсіндім. Маған ыңғайлы жұмыс кестесін, осындай табысты басқа жерден табу қиын.

Бірінші жұмысқа тұрған кезде маған картаны қолдану өте қиын болды. Үйренісу деп айтайық. Бір күнде бірнеше тапсырыс болса, ол жаққа бару керек және жолды көру үшін картаны қолдану білу қажет. Өз үйімнен клиенттің үйіне бару қиын емес, бірақ екінші не үшінші тапсырысқа бару кәдімгідей үлкен мәселе болатын. Уақыт өте келе, бәрін үйреніп алдым.


Жұмыста қызық жағдайлар көп болады, бірақ бәрін еске түсіру қиын. Бірде таңғы беске дейін жұмыс істедік, сол кезде клиенттің үйіндегі батареяның үстінде ұйықтап қалғаным бар. Клиент мені көріп, оятпаған. Шаршағанымды түсінген шығар. Таңғы беске дейін ремонттан кейінгі үлкен үйді жинағанбыз».

Top.kz, табыс және тәжірибе


«Менің бір байқағаным – клиниңке адамдар қаражат үшін келеді. Бірақ мен барлық туған туыстарымды осы жұмысқа шақырамын. Студент сіңлілерім де осы top.kz-те жұмыс істеді. Бір жағынан табыс, екіншіден өзің үшін тазалық туралы көп нәрсе үйренесің. Сондықтан пайдасы көп деп ойлаймын.


Бізде бонустар көп. Жақсы жұмыс істесең, қосымша сыйақы аласың. Клиент жақсы пікір қалдырса, компания бөлек бонус береді. Басшылық тарапынан бізге массажға жолдамалар беріледі. Физикалық жұмыс істегеннен кейін ондай демалыс түрі жақсы көмек.


Top.kz-те жұмыс істеу барысында толықтай барлық несиелерімді жаптым. Әжептеуір берешек жиналып қалған еді, соның бәрін жабуға осы жұмысым мүмкіндік берді. Келесі жылы осы жұмысымнан тапқан табысыма шет елдердің біріне шығып, демалып қайтсам деген арманым бар. Бұйырса, оған да жетермін.


Соңғы жылдарда компаниямыз көп жетістіктерге жетті. Клиенттермен қарым-қатынасымыз жақсы – олар бізге сенеді, үйінің кілтін тастап кетіп жатады және жұмысымызға риза болады. Компанияға алғыс айтқым келеді. Себебі жұмыстың арқасында жақсылықты да, жамандықты да көрдім. Жетістікке де жетіп жатырмын».

Қазіргі таңда top.kz тек клиниңпен шектелмей, қызмет бағытын кеңейтіп жатыр. Олар тұтынушыларға шағын жөндеу жұмыстары, қажет заттарды жеткізу мен тұрмыстық тауарларды сатып алу сияқты қосымша қызметтерді де ұсынады. Яғни, Top.kz-пен жұмыс істесеңіз, үй мен кеңсе күтіміне қатысты мәселелерді бір жерден шеше аласыз.

Клиенттермен байланыс жайлы


«Бұл жұмыстан көп нәрсе үйренуге болады, атап айтатын болсақ, адамдармен коммуникацияға үйретеді. Елдің бәріне ұнай бермек жоқ. Сондықтан өз жұмысымды жақсылап жасап, жүре беруді үйретті.


Тұрақты түрде шақырып тұратын клиентім бар еді, бірақ қазір мен ол жаққа бармаймын, себебі алыста тұрады және жаяу жүру маған қиындау. Олар мені әрқашан қуанып қарсы алып, кофе ұсынып, жағдайымды сұрайтын. Солай оларды жақсы көріп кеттім.


Кез келген жерде жағымсыз ойларға орын болады. Бірақ мен назар аудармауға тырысамын. Өзім жұмысқа қуанып барамын. Көңіл-күй көтеріңкі болған соң, бәрі жақсы. Жұмыс барысында психолог болып кетесің. Бір клиентке ұнайтын нәрсе екіншісіне ұнамай жатады. Кейде клиенттердің көңілі толмай жатады және ондай кездерде, әрине, қанша уақыт жұмсап, бәрін жинап, тазалағанда неге ұнамады екен деген ойлар да болады. Іштей клиентті түсінбеуім мүмкін, бірақ сыртқа ештеңе білдірмей, кәсібилікті сақтауға тырысамын».

Ұжым туралы


«Жұмыстағы әріптестерім керемет. Жасы үлкені де, кішісі де бар. Бәрімен жақсымыз. Бір-бірімізді әрқашан қолдауға тырысамыз. Бұл компанияда туған-туысымның бәрі жұмыс істейтінін айтып кеттім ғой. Бәрімізге компания және оның бізге жасап отырған жағдайы ұнайды. Жұмыста әріптеспіз, ал үйде отбасымыз. Артық әңгіме жоқ. Жаман жерге адам жақындарын шақырмайды, содан-ақ Top.kz-тің қандай жақсы жұмыс беруші екенін байқауға болады.


Өкінішке орай, бұл жұмысты ұят санайды. Бірақ мен таза еңбектен ұялмау керек деп ойлаймын. Өз күшіңмен тапқан ақша ғой. Жұмыстың жақсысы не жаманы жоқ, бастысы – табысың адал екенін білу».

Компанияда әртүрлі жастағы және түрлі тәжірибесі бар мыңнан астам орындаушы жұмыс істейді. Қызметкерлердің арасында ЖОО студенттері де, отбасын асырап жүрген ата-аналар да бар. Бұл жұмыстың ең ыңғайлы жағы – жұмыс кестесін әркім өз жағдайына қарай бейімдей алады.
Суреттер: Жания Фазылова
M