Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
Маған шабуыл жасалса қайтемін?
A что, если
4 мин.
03.05.2021

Маған шабуыл жасалса қайтемін?

Manshuq
Manshuq


Маған шабуыл

жасалса қайтемін?

Маған шабуыл

жасалса қайтемін?

8 наурыз мейрамы өз құқығыңды білудің маңызын тағы бір рет еске салды. Адвокат Назерке Ризабековамен бірге шабуылға ұшыраған әйел өзін қалай ұстау керегі туралы нұсқаулық дайындадық.
«Зорлау» мен «сексуалды зорлық-зомбылық» ұғымын ажырата білу керек. Бұл екі түрлі қылмыс.

Зорлау тек вагиналды және тек еркек пен әйел арасындағы секс қана емес екенін түсіну керек.

Қылмыстық іс қозғау мақсатында арыз жазу үшін дереу полицияға жүгіну керек. Сексуалды зорлық-зомбылық қоғамдық-жеке айыптау ісі болып есептеледі. Тергеуші жәбірленуші арыз түсірген жағдайда ғана іс қозғайды. Бірақ сексуалды зорлық-зомбылық көрген әйелдердің 8–14%-ы ғана полицияға жүгінеді.


Шағымды мына тәсілдермен жазуға болады:


· Полицияға өз бетінше келіп, жасалған қылмыстық құқық бұзу туралы арыз жазу;


· Шабуыл болған жерде полицияға қоңырау шалу (полиция нөмірі –102, олар жауап бермесе, 112 нөміріне қоңырау шалып, полицияға қоңырау шалуды сұрай аласыз);


· Сайтта шағым қалдыруға болады (ЭЦҚ міндетті емес);


· ЭЦҚ болса egov.kz сайты арқылы шағым жаза аласыз

«Тергеуші ешкімді қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе тартпау мақсатын көздемейді. Ол қорғаушының немесе айыптаудың жағында емес. Бұл істі жан-жақты, толық және объективті тергеуді жүргізетін адам, күдіктінің немесе өзге жанның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар немесе жоқ екенін, зорлау фактісі шынымен болған-болмағанын анықтайды»
— Назерке Ризабекова, адвокат
Құқық қорғау органдарына арыз кез келген формада, өтінішті тіркеу мен қабылдаудың көрсетілген ережелері бойынша, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін (СТБТ) жүргізу ережелерінде көрсетілген нысанда жазылады (№ 5 қосымша).
Маңызды жайттар:
1) Үзік талон-хабарламасын алу


Онда:

– карточка нөмірі;

– аты-жөніңіз;

– арызыңызды қабылдаған полиция қызметкерінің аты-жөні;

– полиция бөлімшесінің мекен-жайы және қызметкердің жұмыс телефоны жазылады.


Бұл ақпарат өтінішіңіздің тағдырын анықтау үшін қажет (ол бойынша қылмыстық іс қозғалды ма, қозғалмады ма, қозғалса тергеуші кім және т.б.);


2) талон-хабарламаны бермесе – талап етіңіз!


Ликбез: кез-келген өтініш АТК-де (ақпараттарды тіркеу кітабында) тіркеледі және оған нөмір беріледі;


3) АТК нөмірін білу


Ликбез: полиция қызметкері арызды АТК-де тіркегеннен кейін 24 сағат ішінде өтінішті СТБТ-ге (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі) тіркеу туралы, яғни қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауы керек.

Ең дұрысы, істі СТБТ-ге тіркеуді және сот-медициналық сараптама жүргізуді талап ету керек! Олай болмаған жағдайда, арызыңыз бойынша шешім қабылдаудың заңды мерзімін күтуіңіз керек (24 сағат).


Осы мерзім өткеннен кейін арызыңызды тіркеуден бас тартса немесе арызыңыз бойынша шешім қабылданбаса, қылмыстық құқық бұзуды жасыру фактісі туралы прокуратураға шағым түсіріп, прокурормен жеке кездесу өткізуге тырысуыңыз керек.

СТБТ – қылмыстық құқық бұзу туралы хабарламалар, құқық бұзуға қатысты қабылданған процессуалдық шешімдер, қабылданған іс-әрекеттер, қылмыстық процестің қозғалысы, арызданушылар мен қылмыстық процеске қатысушылар туралы ақпарат енгізілетін автоматтандырылған мәліметтер базасы. Жүйеде жұмыс істеудің негізі – оған тіркелу, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы.


АТК – СТБТ-мен байланысқан, автоматтандырылған мәліметтер базасы және шын мәнінде біртұтас жүйе. Яғни алғашқы тіркеуді белгілей отырып, сот шешімі шыққанға дейін материалды шешудің немесе қылмыстық істі тергеудің барлық кейінгі процесін осы жерде бақылауға болады. 

Өтінішіңізді СТБТ-де тіркегеннен кейін қылмыстық іс қозғалады. Оған бірегей нөмір беріледі және нақты тергеушіге тапсырады.
«Тағы қайталаймын: мәжбүрлі жыныстық қатынас фактісін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізу үшін ШҰҒЫЛ ЖОЛДАМА БЕРУІН тергеушіден талап етуі керек. Істің дәлелдемелерін объектілер мен құжаттарды ұсыну хаттамасы бойынша ҒАНА (объектілердің жан-жақты сипаттамасы және фотолармен) тергеушіге жібересіз. Оларды хаттамасыз жолдамаңыз! Дәлелдер жоғалып кетсе, тергеушінің ол құжаттарды алғанын дәлелдей алмайсыз.


Киімді жууға немесе тырнағыңызды алуға болмайды. Шәуеттің, шаштың, тырнақ астындағы терінің ДНҚ-сы жәбірлеушіні анықтауға және жыныстық қатынастың болғанын растауға негіз болады. Тырнақ астындағы тері мен денеңіздегі сызаттар жыныстық қатынасқа қарсы болғаныңызды дәлелдеуге көмектеседі».

— Назерке Ризабекова, адвокат
Зорлаудың барлық дәлелдерін жеткізу өте маңызды. Мұндай жағдайда ондай қадамға бару өте қиын, өйткені жәбірленуші физикалық тұрғыдан өзін нашар сезінеді, қатты торығады, моральдық тұрғыдан шаршайды. Алайда қылмыскерді жазалау үшін бар күшін жинап, барлық дәлелдемелерді жазып алуға тырысу керек. Алғашқы үш күнде барлық негізгі жұмыс жүреді, бұл істі шешуге көмектеседі. Үш күннің ішінде алғашқы 24 сағатқа көп мән беру керек. Мұны бейнебақылау камераларынан материалдар жинау кезінде есте сақтау қажет: олардың көпшілігі жазбаларды бір күн ғана сақтайды.


Мұндай ауыр жағдайды сіз және жақындарыңыз ешқашан бастан өткермейді деп үміттенеміз. Бұл нұсқаулық сізге өзіңізді сенімдірек болуға дем береді. Себебі, «хабарың болса бес қаруың да сай», деген сөз.

Мұқаба: Роман Захаров
Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

КОММЕНТАРИИ

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхивРекламаMedia Kit
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика