Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
Киіз, саз және заманауи өнер: Bölme пәнаралық мектебі төрт айлық оқу бағдарламасын қорытындылады
Дайджест

Киіз, саз және заманауи өнер: Bölme пәнаралық мектебі төрт айлық оқу бағдарламасын қорытындылады

3 мин.
30.10.2026
3 мин.
30.10.2026
Manshuq
Manshuq

Алматыда өнер, сәулет және дизайн саласындағы жас мамандарға арналған Bölme пәнаралық мектебінің төрт айлық оқу бағдарламасы аяқталды. Қазақстан мен Қырғызстаннан келген қатысушылар бағдарлама барысында киіз және саз балшық сияқты дәстүрлі материалдармен жұмыс істеуді үйреніп, оларды заманауи өнер мен дизайнда қолдану жолдарын зерттеді.

Manshuq 30 қазан 2026

2026 жылдың 26 қыркүйегінде Алматыда өнер, сәулет, дизайн саласындағы мәдениет мамандарына арналған «Bölme» пәнаралық мектебінің білім беру бағдарламасың аясында жасалған қорытынды жобалардық көрсетілімі өтті.


Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы 2026 жылдың 13-мамырынан бастап

төрт айға созылды. 2026 жылғы бағдарлама халықаралық ALIPH Foundation қоры мен Еуропалық Одақтың бірлескен қаржыландыруы, Sär Foundation қоры мен Данагүл Төлепбайдың қолдауының арқасында жүзеге асырылды.

0-8863.jpeg

Алғашқы үш айда қатысушылар композиция, сәулет өнері, object making, сыни оқу және жазу негіздерімен танысып, топтық тапсырмалар арқылы көркемдік мәселелерді шешіп, түрлі мамандармен танысып дәріс алды. Оқу бағдарламаның басты тақырыбы бейнелеу өнері мен сәулет өнеріндегі negative space (яғни, қандай да бір кеңістік бетіндегі бос, еркін орындар құрайтын теріс кеңістік) арқылы қатысушылар визуалды композициялық шешімдер жайлы ойланып, тәжірибе түрінде түрлі тәсілдермен композициялық коллаждар жасады.


2026 жылғы бағдарламада біз келесі дәстүрлі медиумдарға назар аударуды жөн көрдік: жүн – Орталық Азияның көшпелі мәдениеттері арасында модульдік тұрғын үйлер (киіз үйлер) және тұрмыстық заттарды (гобеленнен киімге дейін) жасау үшін пайдаланылған берік және жан-жақты материал; және Орталық Азиядағы Сырдария мен Әмудария өзендері бойында кең таралған сазбен жұмыс істеу әдістері, олар салқын жаздық саз бен шөптен жасалған үйлер (саман үйлер), тұрмыстық заттарды (пештер, керамика) және т.б. жасау үшін кеңінен қолданылады. Біздің осы материалдарға мен медиумдарға көңіл бөліп, олармен байланысты әдістерге қызығушылығымыздың көптеген себептерінің бірі - олардың беріктігі, тұрақтылығы және икемділігі. Бағдарлама қатысушыларға кәсіби қауымдастықпен танысуға мүмкіндік берді. Олар суретшілердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің шеберханаларына барып, түрлі гуманитарлық ғылым салаларындағы сарапшылардың дәрістері мен шеберлік сабақтарына қатысты.

Бағдарлама аясында дәстүрлі қолөнермен жұмыс істеу тәжірибесі де қамтылды. Қатысушылар киіз және саз балшықпен жұмыс істейтін шеберлердің тәжірибелерімен танысып, материалдарды, техникаларды үйреніп, оларды заманауи контексте қайта қолдану тәсілдерін зерттеді.


Бағдарлама Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия және Үндістаннан келген барлығы 23 шақырылған лектор мен ментордан тұрды. Теория мен практикадан тыс, студенттер (1) Бішкекке (Қырғызстан) және (2) Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) пен Ташкентке (Өзбекстан) екі зерттеу сапарына қатысты.

0-9202_resized.jpg

Бағдарламаның соңғы айы қатысушылардың жеке қорытынды жобалары бойынша шеберханалық жұмыстарына арналды. Кураторлар мен тәлімгерлердің басшылығымен олар жоба тұжырымдамаларын анықтап, материалдар мен әдістерді таңдап, жұмыстарын аяқтады.


Мектеп шеберханасында өткен қорытынды көрсетілімде 16 жоба ұсынылды. Әрбір жобада басқа материалдармен қатар саз және/немесе жүн пайдаланылды және алдыңғы айларда үйренген әдістер қолданылды. Қорытынды іс-шара бағдарлама қатысушылары, шақырылған лекторлар мен сарапшылар, көркем қоғамдастық өкілдері, серіктестер және қонақтар үшін кездесу орны болды.


Мансаптарының алғашқы кезеңдерінде жүрген Қазақстан мен Қырғызстаннан барлығы 21 мәдениет қайраткері оқуға шақырылды. Олардың ішінде 14 қатысушы ALIPH және SÄR қорлары арқылы гранттарын орындарға ие болды. Бағдарламаның академиялық және ақпараттық серіктестері 2024 жылдан бері «Bölme» пәнаралық мектебімен ынтымақтастықта болып, оның қызметін қолдап келе жатқан Сәтбаев университеті және '98MAG болды.

Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

КОММЕНТАРИИ

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

29 окт. 2026 г.6 мин

Все грани Серенай Сарыкая: кино, музыка, театр и мода

28 окт. 2026 г.2 мин

Как художники Центральной Азии переосмысляют веру, традиции и культурную память на выставке «Жол»

27 окт. 2026 г.2 мин

«Больше чем бизнес»: Ozon объявил конкурс для предпринимательниц Казахстана

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхивРекламаMedia Kit
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика