Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
Мәдина Ералиева және оның қайталанбас дауысы
Дайджест

Мәдина Ералиева және оның қайталанбас дауысы

2 мин.
22.09.2026
2 мин.
22.09.2026
Manshuq
Manshuq

Manshuq редакторы Гүлзада Ксан күз келгенде «Күрең күзді», көңіл босаса «Сағындым, сағым жылдарды», ал біреуді сағынғанда «Кіресің жиі түсіме» әндерін тыңдайды. Бұл үш әнді біріктіретін олардың орындаушысы – Мәдина Ералиева. Бүгінгі дайджест аясында Гүлзада қазақ музыкасының тарихында ерекше із қалдырған әнші Мәдина Ералиеваның өмірі, шығармашылығы және халық жадында қалған әндері туралы айтып бермек.

Manshuq

22 қыркүйек 2026

Мәдина Ералиева 1954 жылы 2 тамызда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Музыкалық білімін алдымен Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищеде алып, кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдады. 1978 жылдан Әдебиет және өнер институтында қызмет етті, ал 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облыстық филармониясының әншісі болды.

news_full15748518591b49d2874c4f60f2d318572234020b21.jpg

Оның репертуарында «Айқаракөз», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр» сияқты халық әндерімен қатар «Сағым жылдар», «Кірмеші жиі түсіме», «Күрең күз» секілді әндер болды. Солардың ішінде «Ақбаян» әншімен ерекше байланысып, уақыт өте келе Мәдина Ералиеваның өзін де «қазақтың Ақбаяны» деп атай бастады.

Мәдина Ералиеваның шығармашылығы туралы айтқанда композитор Гүлнар Дәукенованың әндерін ерекше атап өту қажет. Ералиева оның «Сағындым сағым жылдар», «Күрең күз», «Шыңдағы шынарым-ай» әндерін орындаған. Дәукенованың айтуынша, «Сағындым сағым жылдарды» алғаш көпшілікке жеткізіп, халыққа танытқан да Мәдина болған. Композитор әншінің репертуарын өз тағдырымен үндесетін шығармалардан таңдайтынын еске алған. «Сағым жылдар» – өткен уақыт пен қайта оралмайтын балалық шақты сағынуды жырлайтын ән. Гүлнар Дәукенова әуенді сағыныштан туғанын, кейін ақын Шөмішбай Сариевке әнде сағыныш пен күз сезімі болғанын қалайтынын айтқан. Нәтижесінде әннің үш шумағында адамның уақыты, күндері мен жылдары біртіндеп өтіп жатқан ғұмыр сияқты суреттелді. Ал «Күрең күз» Мәдина Ералиеваның ең танымал әндерінің біріне айналды. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған ән 1999 жылы дүниеге келген. Гүлнар Дәукенованың естелігі бойынша, бастапқыда ол әнді арнайы Мәдинаға арнап жазбаған. Алайда әнші шығарманы орындап, кейін ол оның есімімен тығыз байланысып кетті.

news_full1574847178a8608a9c833ff8b7b6b33d52c338a422.jpg

1990 жылы Мәдина Ералиева Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі атанды. Бірақ оның халық арасындағы орны атақтарымен ғана өлшенбеді. Тыңдармандар оны «Ақбаян» деп атады, ал кейін әнші туралы естеліктер жинағының өзі «Қазақтың Мәдинасы» деген атпен жарық көрді. Жинақта оның отбасы, шығармашылығы және бірге жұмыс істеген адамдардың естеліктері топтастырылған.

news_full1574847107147e1356ec7eae702f2649dd591abd72.jpg

Мәдина Ералиева 2000 жылдың 27 қарашасында Қызылорда облысында болған жол апатынан 46 жасында қаза тапты. Күз аяқталып, қыс басталар тұста өмірден өткен әншінің орындауындағы «Қош енді, қош бол, күрең күз!» деген жолдар содан кейін мүлдем басқаша естілетін болды.

Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

КОММЕНТАРИИ

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

21 сент. 2026 г.3 мин

Жас аналарға көрсетілетін қолдауды тек декрет ұзақтығымен бағалауға бола ма?

18 сент. 2026 г.3 мин

Moonrise впервые приедет в Казахстан: шеф Солеманн Хаддад проведёт ужин в AUYL

17 сент. 2026 г.6 мин

Смоковница Сильвии Плат: почему нам кажется, что, выбирая одну жизнь, мы теряем все остальные

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхивРекламаMedia Kit
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика