Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
Жас аналарға көрсетілетін қолдауды тек декрет ұзақтығымен бағалауға бола ма?
Дайджест

Жас аналарға көрсетілетін қолдауды тек декрет ұзақтығымен бағалауға бола ма?

3 мин.
21.09.2026
3 мин.
21.09.2026
Manshuq
Manshuq
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы үш жылдық бала күтімі демалысын басқа елдердегі жағдаймен салыстырды. Бірақ декрет ұзақтығы жас аналарға көрсетілетін қолдаудың деңгейін толық көрсете ала ма?

Manshuq

21 қыркүйек 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бала күтіміне байланысты демалыс пен жас аналарды әлеуметтік қолдау шараларын басқа елдердегі жағдаймен салыстырды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда әйелдер бала күтіміне байланысты үш жылға дейін демалысқа шығып, осы кезеңде жұмыс орнын сақтап қалуға құқылы.

«Қазақстанда босанған әйелдер үш жылға дейін декреттік демалысқа шыға алады. Ең бастысы, осы уақыт аралығында олардың жұмыс орны сақталады. Мемлекет жас аналардың бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасуына кепілдік беруге тиіс», – деді президент.

1659780573.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір дамыған мемлекеттерде мұндай әлеуметтік кепілдіктер қарастырылмағанын атап өтті. Оның сөзінше, жекелеген елдерде жас аналар жұмыс орнын жоғалтпау үшін босанғаннан кейін қысқа мерзім ішінде қызметіне қайта оралуға мәжбүр. Президент Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралар туралы жеткілікті айтылмайтынына да назар аударды.

«Бізде азаматтар үшін нақты атқарылып жатқан жұмыстар туралы көп айтыла бермейді. Соның салдарынан Қазақстан халықаралық рейтингтерде көбіне 30, 40, 50-орындарда немесе одан да төмен орналасады», – деді мемлекет басшысы.

pexels-sarah-chai-7282632 Large.jpeg

Бұл жерде бір маңызды жайт бар. Қазақстанда бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезінде жұмыс орны сақталғанымен, бұл үш жыл бойы төлем жасалады дегенді білдірмейді. Заң бойынша бұл – жалақы сақталмайтын демалыс. Ал бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем бала бір жарым жасқа толғанға дейін беріледі. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар үшін төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ы негізінде есептеледі.

Дегенмен Қазақстандағы және басқа елдердегі аналарға көрсетілетін қолдауды тек бала күтіміне байланысты демалыстың ұзақтығымен салыстыру дұрыс емес. Әр елдегі жүйе әртүрлі: бір жерде демалыс мерзімі қысқа болғанымен, төлем көлемі жоғары, енді бірінде бала күтіміне арналған демалыстың бір бөлігі екінші ата-анаға беріледі. Елдердің демографиялық жағдайы да бірдей емес.

pexels-altaf-shah-3143825-18868554 Large.jpeg

Қазақстанда бала күтіміне байланысты үш жылға дейін демалыс алып, жұмыс орнын сақтап қалу мүмкіндігі маңызды әлеуметтік кепілдік екені сөзсіз. Бірақ Қазақстандағы кейбір қолдау шаралары басқа елдерге қарағанда жақсырақ болуы жас аналар жеткілікті деңгейде қолдау көріп отыр дегенді білдірмейді. Бала туғаннан кейінгі қолдау тек жәрдемақы мен жұмыс орнын сақтаудан тұрмайды. Оған балабақшаның қолжетімділігі, медициналық және психологиялық көмек, жұмысты ана болумен қатар алып жүру мүмкіндігі, екінші ата-ананың бала күтіміне араласуы және отбасының қаржылық тұрақтылығы да кіреді.

Сондай-ақ мемлекеттік деңгейде ана болу туралы сөз болғанда, әңгіме көп жағдайда әйелдердің алатын ақшасына келіп тіреледі. Бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде декреттегі аналардың табысын санап, олардың қосымша жұмыс істеуіне шектеу қою, ал жұмыс істеген жағдайда мемлекеттен берілетін төлемді тоқтату туралы ұсыныс қызу талқыланған еді. Енді президенттің өзі бала күтіміне байланысты демалыстың ұзақтығын басқа елдердегі жағдаймен салыстырып отыр. Әрине, демалыстың ұзақтығы да, қаржылық қолдау да маңызды. Бірақ осы көрсеткіштерді алға тарта бергеннен гөрі, әйелдердің бала туғаннан кейін қандай қиындықтарға тап болатыны және оларға шын мәнінде қандай қолдау қажет екені туралы көбірек сөз қозғау керек деп ойлаймыз.

Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

КОММЕНТАРИИ

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

18 сент. 2026 г.3 мин

Moonrise впервые приедет в Казахстан: шеф Солеманн Хаддад проведёт ужин в AUYL

17 сент. 2026 г.6 мин

Смоковница Сильвии Плат: почему нам кажется, что, выбирая одну жизнь, мы теряем все остальные

16 сент. 2026 г.9 мин

Вселенная OYU Fest: как устроен главный фестиваль казахской музыки

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхивРекламаMedia Kit
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика