Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
«Ғимараттағы дәретхананы мұғалімдер пайдаланады, ал қыздарды даладағы дәретханаға жібереді»: Қазақстандағы мектеп дәретханасының проблемалары туралы
Жизнь
3 мин.
13.12.2022

«Ғимараттағы дәретхананы мұғалімдер пайдаланады, ал қыздарды даладағы дәретханаға жібереді»: Қазақстандағы мектеп дәретханасының проблемалары туралы

Manshuq
Manshuq
Peremena.media сайтындағы біздің әріптестеріміз мектеп дәретханаларының сапасы туралы Toile ақпараттық науқанын бастады. Нәтижесінде мынадай жайттар анықталды: мектептегі антисанитарлық жағдай ең алдымен қыздардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне зиян келтіреді.

Manshuq

1

Инфекция қаупі

Даладағы дәретхана, бөлек кабиналары жоқ және гигиеналық себезгісі дәретхана әрқашан бактериялық инфекция немесе зәр шығару жолдары инфекцияларының даму қатерін туғызады.


«Егер менде етеккір болса, біреу келіп, қасыма отырғанда өзімді жайсыз сезінемін. Біздің мектептің дәретханасында жуыну былай тұрсын, есікті жауып, гигиеналық төсенішті алаңдамай ауыстыру мүмкін емес. Сондықтан мектепте жүргенде мен оны қажетінше жиі емес, өте сирек ауыстырамын», –дейді қазақстандық мектептердің бірінде оқитын қыз.

2

Стресс және буллинг

Қолайлы жағдайы жоқ мектепте етеккір – үнемі мазасызданып отыруға себеп. Үзіліс қысқа, ал сабақ ұзақ, оның үстіне дәретханаға шығып келуге сұранғанда мұғалімдердің барлық бірдей жібере бермейді. Қыздардың өзі бұл туралы былай айтады:


«Сабақта толып кеткен төсенішпен отырасың және «сыртқа ағып кетпесе екен, киімімде дақ бар ма немесе менен иіс шығып тұр жоқ па?» деп ойлаумен боласың.


«Біздің дәретханада етеккір төсеніші салынған сөмкені іліп қоятын жер жоқ. Сондықтан оны сыныптың ішінде алуға тура келеді, ал ұлдар болса сені мазақ етіп, келемеждейді».

3

Білім берудің қапы жіберілген мүмкіндіктері

Кейбір зерттеулер қыздардың дәретханада кезек күтудің нәтижесінде аптасына шамамен 30 минут сабақтан қалатынын көрсетеді. Мұның өзі оқу үлгеріміне жағымсыз әсер етеді.


«Жеке кабинаға кіру үшін кезекте тұруыма немесе дәретхананың іші бос болғанынша күтуіме тура келеді. Сол себептен сабаққа жиі кешігіп қаламын. Біздің қабатта қыздарға арналған тағы бір дәретхана ашылса екен», – дейді оқушылардың бірі.

4

Кемсіту

Қауіп-қатер тобына гигиеналық төсеніш сатып алуға мүмкіндігі жоқ және етеккір кезінде сабақтан қалуға мәжбүр болатын күнкөрісі төмен отбасылардың оқушы қыздары жатады:


«Біз апалы-сіңлілі үшеуміз. Анам бәрімізге төсеніш сатып алу қымбат, соның орнына шүберекті пайдаланған дұрыс дейді. Бірақ мен мектепке олай бара алмаймын, менде бірінші күні қан үнемі көп ағады».

5

Зорлау қаупі

Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда дәретханасы сыртта орналасқан 50-ден сәл ғана асатын мектеп бар. Бірақ бұл қағаз жүзінде ғана, ал шындығында жағдай ондай жақсы емес. Өңірлердегі мектептерде көп жағдайда мұндай дәретхана бар, оны ғимараттағы дәретханамен қатар пайдаланады. Мұның неліктен проблема екенін түсіну үшін Тараздағы көше дәретханасында 12 жасар оқушы қыздың зорланғанын еске түсірсе жеткілікті. Мектепте оқитын қыздардың бірі былай деп жазады:


«Былтыр немесе алдыңғы жылы бізде мектеп ішінде дәретхана жасалды, бірақ оны көбінесе мұғалімдер пайдаланады, ал бізді сырттағысына жібереді. Кейде оны жақын маңдағы үйлерде тұратын адамдар да пайдаланады. Ауылда бұл қалыпты жағдай».

Қыздардың жағдайын жақсарту үшін не істеуге болады?
Коллаждар: Анна Кушнарёва

Фотосуреттерді Peremena.media редакциясы ұсынған

Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

Инструкция по антихарассменту: как сделать университеты безопасными?
Жизнь

Инструкция по антихарассменту: как сделать университеты безопасными?

08 июл. 2026 г.8 мин
 Быстрый дофамин: как я стала заложницей социальных сетей
Жизнь

Быстрый дофамин: как я стала заложницей социальных сетей

03 июл. 2026 г.7 мин
Надежда на зумеров: история о том, как мир поверил в «кризисное» поколение
Жизнь

Надежда на зумеров: история о том, как мир поверил в «кризисное» поколение

29 июн. 2026 г.7 мин

КОММЕНТАРИИ

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

08 июл. 2026 г.8 мин

Инструкция по антихарассменту: как сделать университеты безопасными?

03 июл. 2026 г.7 мин

Быстрый дофамин: как я стала заложницей социальных сетей

29 июн. 2026 г.7 мин

Надежда на зумеров: история о том, как мир поверил в «кризисное» поколение

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхив
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика