Сарапшы пікірі: балаларға қатысты зорлық-зомбылық және оның алдын алу
13 тамыз 2020
ЮНИСЕФ және адам құқықтары жөніндегі өкілдіктің Қазақстандағы 2016 жылғы зерттеуіне сүйенсек, еліміздегі ересектердің 75%-ы балаласын тәртіпке салуда күш қолданады екен. 2015 жылғы Комитет статистикасына сүйенсек, елімізде 14 жасқа дейінгі балалардың 53%-ы отбасында психологиялық агрессияның куәсі болып, ата-анасынан таяқ жеген (2010 жылы бұл көрсеткіш 49% болған):
Алайда балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен, немесе оның физикалық және психикалық саулығына әсер ететін әрекеттер жасаған (жасамаған) ата-ана баланың дамуына теріс ықпал етіп, оның құқығын аяққа таптап отырғанын естен шығармауы керек. Бір өкінішті, ата-аналар мен балалардың басын бөлігі зорлық-зомбылық дегенді тек қана күш көрсету деп түсінеді.
Мамандар жәбірлеудің негізгі үш түрін атап көрсетеді:
Біздің қоғамда балалардың жәбір көретіні туралы айтпаудың бірінші себебі, әлеуметтік мінез-құлық нормалары. ЮНИСЕФ және Адам құқықтары жөніндегі өкілдіктің зерттеуіне сәйкес, 2016 жылы жалпақ жұрттың 26%-ы баланы ата-анасының біреуі ұрып жіберсе немесе сабап тастаса, үндемей қалатындарын айтқан. Олардың 42%-ы ғана балаларға сексуалдық жәбір көрсеткен кінәлілерді полицияға ұстап беретіндерін жеткізген.
Отбасында балаға күш қолданудың басты себептері:
Шағын фокус-топқа жүргізілген сауалнама нәтижесінде ата-аналар баланы тәрбиелеудің басқа жолын білмегендіктен оларды ұрып-соғып тәрбиелеуді дұрыс деп есептейтіні анықталған. Олар балаларының тілазар болғанын қаламайды, көп шаршайды және оларды ұрып тынышталдырғанды оңай көреді, немесе ұрып-соғудың салдары болатыны жайында білмейді.
Физикалық және психологиялық жәбірлеу мәселесіне бей-жай қарауға болмайды. Өйткені таяқ жеп өскен бала ызаға булығып өседі, бойында сенімсіздік пайда болады, сондай-ақ ол баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуын тежейді, денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан жәбір көрген балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту керек.
Қандай да бір жәбір көрген бала мына номерлерге хабарласып көмек сұрай алады:
Қазақстанның Заңнамасы әзірге балаларға дене жарақатын салуға толықтай тыйым салған жоқ. Алайда әлемде жағдай өзгерген. 2020 жылы 50-ден аса мемлекет балаларға дене жарақатын салуға заң аясында тыйым салды, тағы 50 ел осындай заң қабылдауды жоспарға енгізді. Мемлекет балаларға күш көрсетуге тыйым салу арқылы оларды жәбірлеуге мүлде болмайтынын насихаттайды.
Қазақстанда халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді ескере отырып, балалардың зорлық-зомбылығының алдын алуға қатысты халық арасында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. 2020 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі Балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Еліміздегі білім және денсаулық саласына қатысты жаңа бағдарламалар да буллинг, зорлық құрбаны болған балаларға қолдау көрсету және оңалту мәселелерін көтереді.
Балаларды жәбірлеуге қатысты ЮНИСЕФ зерттеулері проблемаларды шешуге бағытталған заңның бар екенін, алайда енгізу тиімді нәтиже бермегенін анықтаған. Балаларға жасалған зорлық-зомбылық жағдайын хабарлау міндеттемесіне қатысты кез келген заңда, кез келген ережеде хабарлануға тиісті оқиғалар егжей-тегжейлі сипатталуы керек, хабарлама тәртібі мен нұсқаулығы көрсетілуі керек, хабарламағаны үшін санкция белгіленуі тиіс, сондай-ақ балаларды жәбірлеген, соның ішінде сексуалдық зәбір көрсеткен жағдайлар және күдікті туралы ақпаратты өз еркімен хабарлағандардың бәріне азаматтық, қылмыстық және әкімшілік қорғаныс қамтамасыз етілуі керек. Өкілетті органдар балалардың жәбір көруі және оларға сексуалдық қорлық көрсету жағдайын хабарларғаннан кейін оқиғаға қатысты міндетті тергеу жұмыстарын жүргізуге тиіс. Сонымен бірге құрбан балаларға қолдау көрсету қызметтері ұйымдастырылып, балаларды қорғаудың тиімді жүйесі жасақталуы қажет.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған БҰҰ Балалардың құқығы туралы Конвенциясына сәйкес, әрбір бала өзіне жасалатын кез келген зорлық-зомбылық түрінен қорғануға құқылы.