Коронавирус пен пандемия Қазақстанның еңбек нарығын қалай өзгертіп жатыр: мамандар сөйлейді
11 ақпан 2021
Бұл материал Manshuq-те «Болашақтың мамандықтары» атты жаңа арнайы жоба ашуға түрткі болды. Қызғылықты материалдар, подкасттар және әлеуметтік медиа іс-шараларын дайындаймыз. Сұрақтарыңыз болса hello@manshuq.com мекенжайына жолдаңыз.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы еңбек нарығында не болып жатыр?
Оксана Ткаченко:
Қазір бизнесмендер мына мәселеге бас қатырады – сұранысқа ие болу үшін бизнес қазір қандай болуы керек? Жағдайды ой елегінен өткізуге уақыт тапшы, өйткені ең креативті адамдар қазірдің өзінде жаңа идеялар мен шешімдерін ортаға салуға әзір. Кімнің айы оңынан туады: фрилансерлердің бе әлде уақыт ағымындағы өзгерістерге жауап беретін кәсіби мамандардың ба – ол әркімнің таңдауына байланысты.
Қазақстанның еңбек нарығындағы пандемия кімге көбірек әсер етеді?
Оксана Ткаченко:
Қазіргі жағдайда қандай да бір көлемдегі кадрлар санын оңтайландырудан ешкім қашып құтыла алмайды. Алайда, біздің анықтағанымыздай, қазір респонденттердің 12%-і ғана қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр екен. Сондықтан қандай да бір шешім қабылданса, онда қызметі нәтижелі жұмысқа зиян келтірмейтін адамдарды ғана қысқартады.
Инна Апенко:
Біз ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз, өндіріс құрылымында немесе бөлшек саудада ешкім жұмысынан айырылған емес. Тек сәуір айында басқарушы персоналдың кірісін 30% төмендетуге мәжбүр болдық, бірақ, бақытымызға орай, қызметкерлер бұл жағдайға түсіністікпен қарады. Маусым айында еңбекақы төлеудің қалыпты кестесіне оралдық, ал қазір әдеттегідей жұмыс істеп жатырмыз.
Пандемия кезінде кім қайта бағдарлана алды және басқалар не істеді?
Алексей Ли:
Инна Апенко:
Нарықтық сұранысты ескере отырып, жаңа бағытқа бет бұрдық. Ол бағыт Family Sport деп аталды. Бұл бізге карантиннен қомақты шығынсыз, аман-есен шығуға көмектесті. Өйткені ересектерге арналған киім сегментінде баға жоғары екені белгілі. Адамдар үйде, отбасымен отырғанда өздеріне ыңғайлы заттарды сатып алды. Бүгінгі таңда карантин жағдайында бұл бағыт біздің сату көлеміміздің 40%-ін құрайды. Карантин кезінде біз 40% ұлғайдық деп айта алмаймын, балалар киімдерінің сатылымы күрт төмендеді, бірақ біз жаңа сұраныс алаңын таптық.
Киім сегментіндегі онлайн-сауда алдағы 3–5 жылда ұлғаяр деп болжаған едік. Бірақ пандемия барлық онлайн-сатылымдарды екі апта ішінде іске қосты. Әрине, біз инстаграм арқылы белсенді сатылым бастадық. Сонымен қатар онлайн-сауда алаңын бөлек атап өткім келеді, атап айтқанда kaspi.kz. Ол республикадағы барлық сауда орталықтарының бәсекелесіне айналды. Оған қоса ресейлік Wildberries сайтына да кірдік. Болашақ онлайнда екен сөзсіз.
Қашықтан жұмыс істеуге ауысуға байланысты қандай өзгерістер болды?
Алексей Ли:
Инна Апенко:
Кеңсе көлемін қысқарттық, өйткені қашықтан жұмыс істеу тәжірибесінен соң басқарушы персоналдың көпшілігі кеңсеге оралмай-ақ жұмыс істеуге болатынымен келісті. Қазір кейбір кездесулерге барамыз, бірақ көптеген мәселелерді интернетте отырып шешеміз. Бұл форматқа менің де етім үйрене бастады. Өйткені екі елде тұрамын – күйеуім мәскеулік, ал бизнесім және менің отбасым Алматыда. Бірнеше жыл бұрын Мәскеуде отырып қашықтан жұмыс істеуге тырысқан едім. Өте қиын болды, өйткені Қазақстанда барлығы жанды кездесу форматына үйренген. Карантиннің кез келген жерден, тіпті өз пәтеріңізде, өзге елде жүріп те нәтижелі жұмыс істеуге үйреткеніне қуаныштымын. Қазір мен Мәскеудемін, бірақ жұмыс істеу, әріптестеріммен, серіктестеріммен, тіпті мемлекеттік қызметкерлермен араласу өте ыңғайлы.
Қазіргі кезде қазақстандық еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс бар?
Алексей Ли:
Физикалық еңбекке байланысты бос жұмыс орындарымен қатар, жаңа жағдайларға тез бейімделе алатын және сонымен бірге дәстүрлі білімді сіңіре алатын инженерлерге, менеджерлерге деген сұраныс үнемі артып отырады.
Инна Апенко:
Жақын арада қандай мамандарға сұраныс артады?
Оксана Ткаченко:
Алексей Ли:
Инна Апенко:
Қандай мамандықтарды болашақтың мамандықтары деп атауға болады?
Алексей Ли:
Дағдыларға келсек, білімді, бірақ тәжірибесі аз қызметкер мен тәжірибелі, бірақ білімі төмен қызметкердің бірін таңдасам, үшіншісін іздеймін: әрі білімді, әрі тәжірибелі.
Интеллектуалды жұмыс үшін мынадай дағды маңызды:
Жақын уақытта қазақстандық еңбек нарығын не күтеді?
Оксана Ткаченко:
Алексей Ли:
Суреттерді материалдың эксперттері ұсынған
Данный проект реализуется с помощью гранта от Посольства США в Нур-Султане, Казахстан. Мнения, выраженные в материалах, принадлежат их авторам и не обязательно отражают точку зрения Правительства США или Дипломатической Миссии США в Казахстане.