Қазақстандықтардың оқиғасы: жұмыс таба алмасаңыз, мамандығыңызды қалай ауыстыруға болады?
28 қаңтар 2021
Еңбек биржасына тіркеліп немесе жеке өзіңіз жаңа жұмыс орнын іздей аласыз. Сонымен қатар біліктілігіңізді өзгертіп, сұранысқа ие мамандықты игеруге де болады. Manshuq-тің үш кейіпкері дәл осылай істеді, олардың әңгімесіне құлақ қойыңыз.
Бірінші оқиға – мамандықтан ұзақ уақытқа қол үзіп, қайта оралуды әлі де ойлану туралы
КСРО-да мемлекет жұмысқа өзі орналастыратын, университеттен кейін Ирина Украинада кран жасау зауытында үш жыл жұмыс істеді. Зауытта шкафтай үлкен алғашқы ЭВМ-де еңбекақының автоматты есебін енгізді. Ол кезде компьютерлік орталықтар енді жұмыс істей бастаған еді, ал мамандық бүкіл елде сұранысқа ие.
Ирина Одақтың ыдырай бастаған кезінде Қазақстандағы үйіне оралды. Ол «Метростройда» жұмыс істеді (айына ең көп дегенде бес күн жұмыс істейтін компьютер бөлменің жартысын алып жататын), содан кейін жеке компанияға алғашқы дербес компьютерлерге бухгалтерлік бағдарламаларды жазу үшін барды. Бұл уақытта ІТ-индустрия өркендей бастаған болатын. Алғашқы дайын шешімдер де бар-тын: алдымен пираттық бағдарламалар, содан кейін – Мәскеуден 1С лицензиясы келді. Бағдарламашылардың штатын ұстау тиімсіз болды, ал Иринаға компанияда қалуды, бірақ басқа бөлімде есепші қызметіне ауысуды ұсынды.
Одақта ірі есептеу орталықтары негізінен ірі министрліктердің қарамағында болды, бірақ Одақ ыдыраған уақытта олардың көпшілігі жабылып үлгерді. Мамандығы бойынша жұмыс табу қиындады да Ирина есепші болу туралы ұсынысты қабылдады. Ол бір компанияға байланбау үшін өз ақшасына қайта даярлау курстарынан өтіп, тағы бірнеше жыл жұмыс істеді.
Содан кейін оны мұнай өндіру саласындағы шетелдік компанияға жұмысқа шақырды. Жалақымен және қағаздармен байланысты мәселелер туындамауы үшін, бірнеше жыл қаржымен жұмыс істегеннен кейін, ол және әріптесі «сырттай курсқа» – екінші мамандық оқуға кетті. Практик бухгалтердің сертификатын алу үшін халықаралық емтихандар тапсырды.
Ирина сол мұнай компаниясында және оның бөлімшелерінде он бес жылдан аса уақыт – өткен жылға дейін, яғни Алматы кеңсесін жабу туралы шешім қабылдағанша жұмыс істеді. Ол өзінің біліктілігін өзгерткеніне өкінбейтінін айтады: екі жұмыста да маманның міндеті – есептеуде қателеспеу немесе қатені тез тауып, түзету.
80-жылдардың соңында Иринамен бірге 120 адам бір курста оқыды. Ол араласатын курстастарының ішінде үш адам ғана бағдарламалау саласында қалған. Көбі шетелге кетті, бірақ көпшілігі, кейіпкердің өзі сияқты, өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген.
Екінші оқиға – әртүрлі қызмет салаларында бақ сынап, өзіңді қалай табуға болатыны туралы
«Мен, мысалы, БҰҰ секілді халықаралық ұйымға баруым керек шығар деп ойладым. Бірақ жіберген түйіндемелеріме еш жерде жауап келмеді, – дейді Богдан. – Содан кейін туристік агенттікке жұмысқа кеттім, өйткені мені сол жер ғана жұмысқа алды». Жігіт туристерге жолдама жазғанды аса ұнатпады, сондықтан ол жұмыстан шығып, тағы екі ай жұмыс берушілермен сұхбатқа барып жүрді.
Нәтижесінде неміс тілін білуі шешуші факторға айналды. Богданға жұмыс ұсынған екі компанияның да саяси ғылыммен немесе халықаралық қатынаспен ешқандай байланысы болған жоқ: бірі тауарларды тасымалдауға арналған жабдықтар шығарды, екіншісі сақтандыру саласындағы қызметтерді ұсынды. Богдан сақтандыруды таңдап, ішкі дайындықтан өтті. Ол компанияда үш жыл жұмыс істеді, бірақ қызмет саласын қайтадан өзгертпекші. Бір жылдан бері ол Yandex-те UX/UI дизайнер ретінде қашықтан оқиды және ол өз орнын таптым деп санайды. Жігіт халықаралық қатынастарға қайта оралғысы келмейді.
Халықаралық қатынастар факультетіндегі Богданның кейбір таныстары журналистикаға, енді бірі маркетинг саласына кетті, тағы біреуі аудиторлық компанияда жұмыс істейді. Ол мамандықта ешкім жұмыс істеп жүрген жоқ.
Мәселе тек қазіргі заманғы білім беруде болып көрінуі мүмкін, бірақ олай емес: әртүрлі ұрпақтың және әртүрлі біліктіліктің адамдары кейде қызметсіз қалады.
Үшінші оқиға: әлемде пандемия өршіп тұрса, ал сізді жұмыстан шығарса, қалай берілмеу керегі туралы
Коронавирус экономикаға қатты соққы берді: бос орындар болған жоқ, ал Айнұр бір айдан аса уақыт жұмыс іздеді. Ол қайда жұмысқа орналасу керегін ойламады – ақша таусылды да желілік гипермаркетке кассир болып орналасты.
Маусым мен шілдеде ол қайтадан жұмыс іздеді, ал тамызда фрилансер рекрутер болып орналасты. Қазір ол штатта екі жұмыс істеп, оған қоса сабақ береді. Ол кассир болып жұмысқа қайтып барғысы келмейді – қажеттілік жоқ. Бірақ ол тәжірибе пайдалы болды: «Осы екі ай маған бюджетті алдын-ала жоспарлау керегін көрсетті, – дейді Айнұр. – Сізге уәде бергеннен де аз сомаға сеніп, өмір сүруді үйренуіңіз керек. Өйткені жұмыс берушілер алдай алады. Мен сондай-ақ аптасына алты күн жұмыс істеудің қандай болатынын сезіндім. Адамдар мұндай жұмыс режиміне шыдас бермей жатады. Еуропа төрт күндік жұмыс аптасын енгізуге тырысып жатқанда, бұл тәжірибе біздің елде мүлдем қолданылмайтыны өкінішті».
Айнұр ең бастысы берілмеу екенін айтады: «Жыл қандай қиын болса да, адамның болашағы тек өзіне байланысты. Ол пессимист болса, сылтау табады, оптимист болса, ол тым алаңсыз жүреді. Реалист проблемалар пайда бола сала шешімін іздей бастайды».