МАНСАП

Жеке хикая: менің мамандығым маңызсыз деп саналды 

Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақстанда эколог мамандығын таңдағандар басқаларда түсінбестік туғызатын. Ол ешкімге керек емес, табысы аз және жалпы пайдасыз болып көрінетін еді. Дегенмен, қазір жағдай мүлдем басқаша: экологтар сұранысқа ие және бұл мамандық иелері барған сайын көбірек қажет етіледі. Біздің кейіпкеріміз Вероника Дашкова осы және басқа да көптеген жайттарды өз әңгімесінде айтып берді.
Наталья Зайнулина

17 қаңтар, 2022

Вероника Дашкова

Вероника Дашкова

эколог
Мен университетке түсейін деп жатқанда экологтар енді ғана пайда бола бастаған еді. Осы жылдар ішінде өмірдің қалай өзгергені таң қалдырады: экоөмір трендке айналды, экостиль киім бутиктерін толтырды, пакеттерді шоперлер ауыстырып жатыр. Енді көшеде матадан тігілген дорба ұстаған қызды кездестіргенде, «ауылдан келген» деп ешкім ойламайды. Керісінше, мұны мақұлдап бастарын изейді. Көптеген адамдар планетаның ресурстары шексіз емес және оған да қамқорлық қажет екенін түсіне бастады. Бір кездері менің де планетаның болашағына үлес қосқым келген.


Менің екі білімім бар. Мен Ұлыбританиядағы Йорк университетін «экология» мамандығы бойынша бітірдім, сонымен қатар Назарбаев Университетінде биология магистры дипломын алдым. Қазір сол жерде жұмыс істеп, Қазақстан көлдеріндегі фитопланктон тақырыбында докторлық диссертация қорғауға дайындалып жатырмын. Мен Балқашқа, Арал теңізіне, Бурабай көлдеріне және басқа жерлерге баратын экспедицияларға жиі қатысамын. Ұжым болып жыл сайын көлдерден сынама алып, лабораторияға әкеліп, арнайы жабдықтың көмегімен зерттейміз. Алынған ақпараттың негізінде халықаралық ғылыми мақалалар басып шығарамыз.


Экология саласында жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды. Жұмыспен қатар экологиялық ағартумен де айналысамын. Жақында жаңа мамандықты игердім – экотренер болдым. Бұл экологиялы өмір стилі туралы әңгімелейтін және оған үйрететін адам.

Эколог болуды армандаған жоқпын
Жасөспірім кезімде мұндай мамандықты ешкім білмейтін еді. Мен биші немесе актриса болуды армандадым. Дегенмен, мен әрқашан табиғатты жақсы көрдім, әсіресе суға деген ықыласым ерекше болған, қазір де сондай. Ал экологтар туралы оқуға түсер алдында білдім. Планетаға өз үлесімді қосуға, жақсылық жасауға тырысамын деп шештім. Осындай оқуға түсемін дегенде, туыстарым абдырап қалды. Олардың ешқайсысы мұндай мамандықты оқудың не керегі бар екенін түсінбеді. Ол кезде барлығы экономист немесе заңгер оқуына түсу керек деп есептейтін, өйткені онда ақша бар. Мен үшін бұл басқаша болды: ең алдымен, таңдаған мамандығым маған қызық болуға тиіс. Мен өз мамандығымды таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін.

Болашақ мамандығын, білім
Біздің заманымызда эколог мамандығы өте маңызды деп есептеймін. Бірақ әзірге, өкінішке орай, білікті қызметкерлердің жетіспейтінін көріп отырмын. Әріптестерімнің көпшілігі өндірісте, өнеркәсіптік экологияда жұмыс істейді, ауадағы шығарындылар мөлшерін өлшейді. Қазір қоршаған ортаның проблемалары айтарлықтай байқала бастағанда, экологиялық проблемалармен тікелей айналысатын, қоғамды, мемлекетті үйлестіретін мамандар қажет.

Алдағы уақытта экологиялық мәселелер бұдан да көкейтесті болатыны түсінікті
Барлық мемлекеттер бұған көбірек көңіл бөле бастайды. Әрбір компания белгілі бір ережелерді, экологиялылық стандарттарын сақтауға тиіс. Қазірдің өзінде әртүрлі салалардағы компаниялар экологтарды, инженер-экологтарды, экотренерлерді, экоуағыздаушыларды, экокеңесшілерді штатына қабылдап жатыр. Экологиялылық қазір трендте. Әрине, көптеген компаниялар заман ағымына ілесуді қалайды. Ол үшін қажетті мамандарды тартады. Және жылдар өткен сайын бұл сұраныс тек өсе береді. Сондықтан алдағы онжылдықтарда біздің мамандығымыз бұрын-соңды болмағандай өзекті болады.


Грек тілінен аударғанда «экология» сөзі «үй», «біз тұратын жер» деген мағынаны береді. Демек, экология – үйімізді қорғау. Табиғат адамнан бөлек нәрсе емес, оның бір бөлігі екенін түсіну маңызды. Планетаға зиян келтіру арқылы біз өзімізге зиян келтіреміз. Оның үстіне, планета кез келген жағдайға бейімделеді, сондықтан ол аман қалады, бірақ адамзат аман қалады ма, жоқ па – бұл қазірдің өзінде қиын мәселе.


Әр жолы мен адам мен табиғат арасында өзара байланыс бар екенін басқаларға жеткізуге тырысамын. Оны сезіну үшін табиғат аясында көбірек уақыт өткізіп, айналаға қарап, онда не болып жатқанын байқау керек. Кейінірек сіз экология проблемаларын көресіз. Ал егер сіз әлемді сәл тазарақ еткіңіз келсе, аз нәрседен бастауыңызға болады: қалдықтарды сұрыптаңыз, бір реттік заттарды (пластик бөтелкелер, стақандар) азырақ пайдаланыңыз. Мысалы, уытты химия мен косметиканы пайдалануды тоқтату өте маңызды. Бұл тек өзіміз қолданатын заттар ғана емес, сонымен қатар бұл унитазға төгілетін нәрсе. Өйткені ақыр соңында, оның бәрі су төгетін арналарға, ал содан кейін біз тұщы су алатын су қоймаларына түседі.

Жеке хикая: менің мамандығым маңызсыз деп саналды
Жеке хикая: менің мамандығым маңызсыз деп саналды
Негізі жаһандық іс-әрекет керек емес, митинг өткізудің де қажеті жоқ
Жай ғана өзіңізден бастаңыз. Адамдар климаттың өзгеруі жоқ, бұл ойдан шығарылған деп жиі айтады. Сондай-ақ сұрыпталған қоқысты ешкім қайта өңдемейді, сондықтан Қазақстанда бірдеңе істеудің пайдасы жоқ деп айтатындар да бар. Бұл олай емес. Қазір Қазақстан аумағында елуден астам қоқыс өңдейтін зауыт бар, барған сайын көп адам саналы өмір салтын ұстанады, эколог мамандығына оқуға түсетін жастар көбейіп келеді. Болашақта қалай өмір сүретініміз тек өзіміздің іс-әрекетімізге байланысты деп ойлаймын.

Мұқаба: Азиза Киреева

Суреттерді материалдың эксперттері ұсынған

M
This project is supported by a grant provided by the U.S. Embassy in Nur-Sultan, Kazakhstan. All opinions expressed are those of the author and do not necessarily reflect those of the U.S. Government or the U.S. Mission to Kazakhstan.


Данный проект реализуется с помощью гранта от Посольства США в Нур-Султане, Казахстан. Мнения, выраженные в материалах, принадлежат их авторам и не обязательно отражают точку зрения Правительства США или Дипломатической Миссии США в Казахстане.

Читать также: