МАНСАП

Пандемия кезіндегі бизнестің жай-күйі: әйелдер сөйлейді

МАНСАП

Пандемия кезіндегі бизнестің жай-күйі: әйелдер сөйлейді

COVID-19 короновирус инфекциясының таралуына байланысты екі айға жуық уақыт бойы қазақстандық компаниялар жаңа жағдайда жұмыс істеуде. Біз кәсіпкер және басшылық қызметтегі әйелдерден бизнестің тап болған қиындықтары, пандемия дәуірін олардың қалай еңсеріп жатқаны және өз бизнестерінің келешегі туралы не ойлайтынын сұрадық. 
Елдана Ибраева

26 мамыр 2020

Әсел Бейсекеева

CMO Intertop, Pandora
Дағдарыс біздегі ең белсенді кезеңге тұспа-тұс келді және бұл тек сатылымға ғана қатысты емес. Жаңа коллекцияларды жөнелту, бірнеше жаңа дүкендер ашу, нарықта жаңа брендтерді іске қосу және таныстыру – осының бәрі сауда түсімінен бөлек дәл қазір дағдарыстан зардап шеккеннің салалардың бір бөлігі. Біздің компаниямызға 80% пайданы бөлшек сауда дүкендері әкеледі. Наурыз – ретейл үшін жылдағы ең белсенді айдың бірі. Ал қазір біздің назарымыз табыста емес, ТЖ режимі мен карантин салдарынан келген шығында болып отыр.


Ең алдымен біз қызметкерлерге қатысты мәселелерді шештік. Сауда нүктелеріндегі сатылымдар тоқтаған соң бізге Қазақстан бойынша 60 шақты дүкеннің қызметкерлеріне байланысты шешім қабылдау қажеттілігі туды. Елде ТЖ жарияланғаннан кейінгі біздің бірінші реакциямыз адамдарды сақтап қалу міндеті болды. Қызметкерлердің бір бөлігін еңбек демалысына жіберіп, еңбекақыларын бірден төледік, себебі қазіргі жағдайда адамдарға қаражаттың қажеттілігін жақсы түсіндік. Екінші – жаңа тауар, жөнелтілген тауарларды карантин жарияланған шекараларда қалып қоймайтындай Қазақстанға жеткізу мәселесі тұрды. Біз көптеген елдермен жұмыс жасайтын болғандықтан бұл оңай болған жоқ.

Аталған мәселелерді шешкен соң біз онлайн-сатылымға ден қойдық және әлі күнге дейін процестерді жетілдіріп келеміз
Өкінішке орай мұнда да барлық мәселе бізге тәуелді емес. ТЖ режимі біздің дүкендердегі тауарларға барар жолымызды кесіп, қала бойынша қозғалу мәселесі бар курьерлік қызметтерге қол жетімділікті шектеді. Ұзақ мерзімді өзгерістерге келер болсақ, мұндағы бағытымыз айқын – онлайнға көбірек назарымызды аударып, сатылым каналдарымызды күшейтеміз, сонымен қатар бұл каналдарға арналған қызмет көрсету, ассортимент пен логистиканы жетілдіре түспекпіз.


Бүгінде әрбір бизнес осыған ұқсас мәселелерді өзінше шешуде. Шетелдік компаниялардың әрекетін көріп отырмын - олар бірігуде. Мұндай кезеңде табысы жақсылар да, бизнесі құрдымға кетіп жатқандар да бар.


Бәріміз қашықтан жұмыс істеп жатырмыз: чаттарда күнделікті хат алмасамыз, жаңалықтармен, өзін-өзі оқшаулау кезеңінде үйренген дағдыларымызбен бөілсеміз. Еңбек демалысына жібергеніне қарамастан, компания сәуір айынан бастап ТЖ мерзімінде еңбекақының 50% төлейді. Онлайн бөлім қалыпты режимдегі жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл команда сені күтеді деген үміт пен сенім ұялатады. Дағдарыстың ретейл үшін оң тұстары әрине аз, дегенмен осындай уақытта әрқашан үздік идеялар мен шешімдер пайда болады.

Диана Бимахимова

 «Бродвей Бургер» бизнес-серіктесі
Наурыз айының соңында, карантин жарияланғаннан кейін екі аптадан соң біз елордада «Бродвей Бургер»-дің үшінші нүктесін ашуды жоспарлап отырғанбыз. Екінші франшиза нүктесінің де құрылысы басталуы тиіс еді. Сондай-ақ Алматыда ескі «Льдинка» орнында жаңа ресторан мен Атыраудағы франшиза нүктесінің құрылысы жоспарланған болатын. Ал Ақтауда қолайлы ғимарат іздеудеміз. Елімізде ТЖ режимі енгізілгелі Қабанбай батыр көшесіндегі «Бродвей Бургер» жеткізу қызметін көрсетуде.


Бірінші кезекте біз шығындарды барынша азайтуға тырыстық. Қызмет пен өнімдерді жалға берушілер мен жеткізушілермен келісімге келе бастадық. Өкінішке орай кейбір қызметкерлерге ақысыз еңбек демалысына шығуға тура келді. Қалыптасқан жағдайға байланысты біз жылдам әрекет еттік. Компаниямыздың заңгерлері мен HR мамандары ТЖ алғашқы күндері жұмыстан бас алмады, операциялық қызметкерлер жұмыс кестесін, графиктер мен шығындарды қайта қараса, біз барлық тараптармен келіссөздер жүргіздік. Ұзақ мерзімді өзгерістерге келер болсақ, біз Алматы мен астанада мобилді қосымша арқылы өзіміздің жеткізу қызметімізді іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз.


Қазір бізге, бизнестің иелері ретінде, ең алдымен қызметкерлер жайлы ойлану керек.

Себебі кез келген бизнестің ең маңызды бөлшегі – адамдар
Екіншіден, жаңа реалийлер мен жаңа әлемге барынша жылдам бейімделіп, «аман қалу» шараларына кірісу керек.


Қызметкерлерді психологиялық қолдауда қандай да бір арнайы әдістерім жоқ. Біз үнемі тілдесіп отырамыз, қал- жағдайларымызды сұрап, бәрі жақсы болады деген сеніммен бір-бірімізді жігерлендіреміз.


Қазіргі уақытта нақты біздің бизнеске қатысты айқын артықшылықтарды көріп отырған жоқпыз. Уақытылы жұмылып, қажетті қадамдар жасай алсақ, оң аспектілер біраз уақыттан кейін бақылануы мүмкін деген ойдамын.

Рада Исламова

Lensmark.kz директоры
Наурыз – халықтың қыстан кейін біртіндеп «ояна» бастайтын айы, белсенді сатылымдар айы. Әдетте қаңтар-ақпан айларында сатылым деңгейі орташа көрсеткіштен 15% төмендейді де, наурызда нарық қайта жандана бастайды. Біз карантин кезінде адамдар үйде отырғандықтын линзаларды қажет етпейді деп ойладық. Алайда карантинннің алғашқы аптасы көрсеткендей, клиенттеріміз линзаларды сатып алуын тоқтатқан жоқ. Линзалар – медициналық мақсаттағы бұйымдар, сондықтан олар қатаң карантин кезінде сатуға болатын тауарлар тізіміне енді. Дегенмен бастапқыда бізге мұны дәлелдеу оңайға түскен жоқ – тізімдер жасауға, мекемелерге жүгінуге, хаттамалар толтыруға тура келді. Нәтижесінде наурыз айын жылдың ең «үздік» айы ретінде тәмамдадық, әдетте мұндай жоғары сатылымдарды демалыстар кезеңінде, яғни жаз айларында жасайтынбыз.


Елде ТЖ жарияланған бойда біз жылдам әрекет еттік – барлық бағдарламаларды реттеп, келесі күні-ақ барлық қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алатындай техникалық тұстарды ойластырдық. Жүктеме артты, дегенмен қолымыздан келді. Біздің командамыз өте тату, барлық процестер бұрыннан жолға қойылған, сондықтан қашықтан жұмыс істеу ешқандай қиындық туғызған жоқ.


Бізде Алматы бойынша аптасына алтын күн жеткізу қызметі жұмыс істейді, аймақтарда жеткізумен айналысатын бірнеше қызметтеріміз бар. Біз – Қазақстанның барлық аймақтары бойынша өз клиенттеріне линзаларды үздіксіз жеткізіп келген және өз ісін жалғастырып отырған жалғыз компаниямыз. Бұл - серіктестермен іс жүргізудің тиімді жолға қойылғанының арқасы. Жеткізу уақыты ұзарды, дегенмен Алматы және бүкіл Қазақстанның жабық екенін ескерсек, бұл қалыпты құбылыс. Блокпосттардың арғы жағында қалған адамдар қаладан бөлініп қалды, сондықтан түрлі оқиғалар орын алды – курьер тауарды тапсыру үшін қалалық пен облыстық блокпосттың арасында екі километр жүріп барған жағдай да кездесті.


Карантин кезіндегі біздің жетістігіміздің кілті – жауапкершілігі мол адамдардан тұратын мықты командамыз. Қызметкерлер карантин біткен соң да қашықтан жұмыс істей аламыз ба деп сұрауда. Мен «иә» деп жауап беремін, себебі осы бір жарым ай ішінде процестердің қалай үйлесімді жүріп жатқанына көзім жетті. Оның үстіне кейбір қызметкерлер қаладан шалғай тұрады.

Қашықтан жұмыс – біз карантиннен кейін де қолдайтын жаңашылдық
Ең алдымен командаға назар аудару маңызды. Жағдайдың қайталануынан ешкім сақталмағаны анық, сондықтан дайын болуымыз керек.


Біздің басымызға түскен бұл сілкілеу бізге құндылықтар мен бизнеске деген көзқарасымызды қайта қарауға көмектесті деп есептеймін. Керексіздің бәрі електен өтіп, ең маңызды және қажеттісі ғана қалды. Барлық бизнес басшылары бүгінде клиенттер мен технологияларға фокус жасау керегін түсінеді деп сенемін.

Фото материалдары осы сұқбаттың кейіпкерлерімен берілген
Бұл материал Qolda жедел көмек көрсету жобасының аясында «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия Қорымен бірлестікте дайындалды. Материал авторы мен кейіпкерлерінің көзқарастары «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азияның Еуразия Қорының пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.
M

Читать также: