«Бату мен достарының бастан кешкен оқиғалары»: Зира Наурызбай мен Лиля Калаус кітабы АҚШ-та қалай танымал болды
20 қыркүйек 2023
2004 жылы Серікбол Қоңдыбай досымыз қайтыс болды. Өмірде кездестірмедік. Тек хат алмастық. Ол ұлы ғалым, мифолог еді. Полигонды неге Семейге орналастырғаны жайында қандай мәлімет болса, жіберуді өтінді. Көшпенділердің, ата-бабаларымыздың төрт мыңжылдық рухани тарихын, рухани дәстүрдің үздіксіз дамуын көрсете аламын деп хаттарында жазып жүрді. Бірақ үлгерген жоқ. Оның болжамы бойынша, Евразияның кіндігі – Дегелең және сол жерде түркілердің рухани қуатының бұлағы болды. Кеңес үкіметі полигонды әдейі сол жерге орналастырды. Жарылыстардан туындаған жер сілкінісінен кейін жер қабаттары сырылып, рухани қуат көзі жабылды. Содан кейін 1940-ншы жылдар аяғы мен 1950-інші жылдар басында қазақтың рухани азғындауы басталды деп Серікбол гипотезасын ұсынды. Қызығы, сол кезде біздің қолымызға конспирологиялық әдебиет түсіп, Индиана Джонс жайлы кино қарадық. Ал Серікболдың мұндай мұршасы болмады. Ол тұрған ауылда телефонның өзі дұрыс жұмыс жасаған жоқ. Маңғыстау мен Семейде ядролық қалдықтар қоймасын ұйымдастыру жайлы жаңалықтар шыққан кезде, Серікбол қатты қарсы болды. Семей полигоны аумағын тазалап, қалпына келтіру керек деп, бірнеше мақала жазды.
Сұлтанбек Ходжановтың баласы мен менің әкем жатақханада бір бөлмеде тұрғандықтан, олар керемет достар болған. Әкем оның шешесін өз анасындай көріп, ол адам құрбыларымен бірге қонаққа келгенде оған темекі тартпа деп айта алмас еді. Сол апалар жиналған кезде, анамыз дастархан дайындап, үстелге арағын қойып, ал олар «беломор» папиросаларын әкеліп, осылай отыратын. Біз бала кезімізде оны білмедік те түсінбедік. Алматыда қазақтар аз, жағдайы қиын болды. Мектеп кезінде бізге талай қорлық көрсетті. Қайта құру кезеңінде мен әжемнен ашаршылық туралы сұраған кезде, жиырмасыншы жылдардағы апат жайлы айтып еді. Сол үшін балалар осыны білсін деп кітап жаздым. Бізде оқулықтар қызықсыз жазылған. Балаларға ештеңе жеткізе алмайды, әсер ете алмайды. Мен балаларға тебіретіндей, тарихты ұмытпайтындай, ол туралы ойлайтындай жазғым келді.
Оларды оқыған кезде көңілің босайды. Лиля бір күні өзін шақырған мектепте балалармен кездесу өткізді. Сол жерде сауалнама жасаған екен. Балаларға ең ұнайтын кейіпкер Бату емес, Дана болып шықты. Расында да, статистика бойынша кітапты ең көп сатып алатын әйел адамдар мен қыз балалар. Үшінші кітапта қыздарымыз алға шығуға мүмкіндік жасадық.