Іргелі білім: әлеуметтік желі алгоритмдері қалай жұмыс істейді?
Әлеуметтік желі алгоритмдері қалай жұмыс істейді?
Олардың жұмысы мынадай: таспа біздің нені жөн көретінімізге – постқа немесе бейнеге қандай реакция беретінімізге сәйкес құрылады. Осы орайда тіпті екі дос бірдей ресурстарға жазылған болса да, олардың таспалары жарияланған посттарға білдіретін реакциясының негізінде бәрібір басқаша құрылады. Тағы бір маңызды нәрсе – әлеуметтік желілер біз көп араласатын пайдаланушыларды ескереді. Сол себептен таспадағы достарымыз бен туғандарымыздың посттары медиа мен блогерлердің белсенділігінен жоғарырақ тұрады.
· пайдаланушының жарияланымға қызығушылық танытуына;
· пайдаланушылардың арасындағы қатынасқа;
· жарияланымның күніне (соңғы посттар жоғарырақта көрсетіледі);
· жазылымдарға;
· әлеуметтік желіде өткізілген уақытқа
сәйкес қалыптастырылады.
Барлық белгілі платформаларда хэштег жүйесі жұмыс істейді. Осының арқасында алгоритмдер пайдаланушыларға не ұнайтынын және ненің көбірек қаралатынын түсінеді. Хэштегтер контентті саралауға мүмкіндік береді және белгілі бір қауымдастық ішіндегі навигация құралы болып табылады. Мысалы, Instagram және Twitter жарияланымдар таспасын құру үшін хэштег жүйесін белсенді пайдаланады.
Алгоритмдер жағымсыз контентті ынталандырады деген рас па?
Мысалы, мен инстаграм желісіндегі таспамда Украина туралы посттарды жиі көремін. Соғыстың ең басында мен өзім сенетін дереккөздерді ғана көретінмін, бірақ уақыт өте келе Ресейдің әртүрлі насихат басылымдарының фейк жаңалықтары жиі кездесе бастады. Олардың фейк екенін қалай анықтадым?
Эфирден кейін «Алгоритмдердің жұмысын ескере отырып, өзіңді фейк және шындыққа сай келмейтін ақпараттан қорғау мүмкін бе?» деп ойландым. Ника жоқ деп жауап берді. Дегенмен, таспаңызды баптауды үйренуге болады екен. Мысалы, Facebook желісінде «Қызығушылық» бөлімі бар. Әр адамның жаңалықтар таспасына түсетін нәрсені редакциялап, тек сенімді дереккөздерге ғана жазылуына болады. Инстаграм алгоритмдері де осыған ұқсас жолмен жұмыс істейді және биыл пайдаланушыларда «Таңдаулыға» аккаунт қосу мүмкіндігі пайда болды. Twitter желісінде қиындау, себебі сіз жазылған пайдаланушылар не істесе, соның барлығы таспаға шығарылады. Соның ішінде лайктар да. Олардың жазған посттарына сенуге бола ма? Әркім өзі шешеді.
Бұл жоба Қазақстанның Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің грантымен жүзеге асырылуда. Материалдарда айтылған пікірлер авторларға тиесілі және АҚШ үкіметінің немесе Қазақстандағы АҚШ елшілігінің көзқарасын білдірмейді.