АИТВ жұқтырған қазақстандық әйелдердің қандай құқықтары бар?
Арнайы жоба Орталық Азиядағы Нидерланд Корольдігі елшілігінің қолдауымен дайындалды
Қазақстанда біраздан бері АИТВ жұқтырған адамдарға көмек көрсету бойынша едәуір жұмыс атқарылып келеді. Осы ретте біз АИТВ жұқтырған әйелдер мен Т-еркектердің қандай құқықтары бар екенін анықтап, көмек алу үшін қайда жүгінуге болатынын білдік.
24 қыркүйек 2024
Сондықтан біз АИТВ жұқтырған әйелдер мен Т-еркектер қандай құқықтарға ие екенін анықтауды шештік, сонымен қатар қиын жағдайда қайда көмекке жүгінуге болатынын қарастырдық. Тақырыпты ашуға сарапшылар — ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы кеңсесі өкілі Нина Хенке мен ЖИТС бойынша еуразиялық әйелдер желісінің мүшесі Любовь Воронцова көмектесті.
Қазақстандағы АИТВ-ға шалдыққан әйелдер мен еркектерге қандай құқықтарға кепілдік берілген?
Қазақстанда АИТВ жұқтырған әйелдер мен
Т-еркектердің қандай негізгі құқықтары бұзылады?
АИТВ жұқтырған әйелдердің құқықтарымен тікелей айналысатын ұйымдар жоқ. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген АИТВ жұқтырған әйелдер мемлекеттік кризистік орталықтарда тұра алмайды – оларды жай ғана қайтарып жібереді. Бұл дегеніміз кемсітушілік әрі адам құқығын тікелей бұзу.
АИТВ жұқтырған әйел ретровируспен ауыратын кез келген азамат сияқты диагнозы үшін қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін. Өйткені бізде АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырғаны үшін қудалауға мүмкіндік беретін бап бар. Бұл кемсітетін заң тек зиян келтіреді.
ЮНЭЙДС пен басқа да тиісті халықаралық ұйымдардың ұстанымы — АИТВ-ның таралуына қатысты жалпы қылмыстық заңнаманы қолдану аясы адам өзінің АИТВ статусын біле тұра АИТВ-ны жұқтыру ниетімен әрекет етіп, қасақана жұқтыратын жағдайлармен шектелуі қажет.
АИТВ жұқтырған әйелдер мен Т-еркектерді қорғау үшін қандай шараларды жүргізу маңызды?
Меніңше, елдегі барлық әйелге әсері бар зорлық-зомбылыққа қарсы заңға өзгеріс енгізіп, Ыстамбұл конвенциясын бекіткен жөн. Одан кейін кризистік орталықтардың қолжетімді болуын қарастырып, АИТВ жұқтырған әйелдерге арналған бөлек орталықтар ашуға қаржы бөлінуі керек.
АИТВ жұқтырған әйелдер мен Т-еркектер көмек алу үшін қайда жүгіне алады?
Халықтың негізгі топтары жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеу қызметтеріне қол жеткізуі үшін Қазақстанда 29 достық кабинеті жұмыс істейді, оның 24-і ЖИТС орталықтарында орналасқан.
2022 жылы достық кабинеттеріне жалпы алғанда 27 121 адам жүгініп, 42 207 адам өтініш қалдырған. Достық кабинеттеріне жүгінгендердің 41,5 %-ы секс-жұмыспен айналысатын әйелдер.
Айта кетері, АИТВ жұқтырған әйелдер, есірткі қолданатын әйелдер, ЛБТК-қауымдастығының өкілдері мен секс-жұмыспен айналысатын әйелдер диагнозды жария етуден, ықтимал қылмыстық қудалаудан және дөрекі қарым-қатынастан қорқады. Көбіне бұл қорқыныш олардың медициналық көмекке жүгінуді қаламауына немесе ем-домды үзуіне себеп болып жатады. Бірақ АИТВ жағдайында бұл олардың өзінің, серіктерінің, ал жүктілік жағдайында болашақ балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Медицина қызметкерлері бұл жағын түсінгені маңызды, сондай-ақ АИТВ-ға шалдыққан немесе індеттен зардап шеккен әйелдерге АИТВ-ға байланысты қызмет көрсетудің қаншалықты маңызды және қажет екенін түсінуі керек.
Медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ жұқтырған әйелдер мен Т-еркектерге теріс көзқараспен қарайтындардың бар болуына не себеп?
Менің ойымша, бұл мәселені дәрігерлердің бойында эмпатияны дамыту арқылы шешуге болады, осылайша АИТВ жұқтырған әйелдер ем-домды құрметпен және стигмадан ада түрде ала алады.
Дәрігерлердің АИТВ жұқтырып аламын деп қорқуына келер болсақ, егер адам терапия қабылдап жүрсе, АИТВ-ны тарату ықтималдығы төмен болады дейтін ғылыми консенсус бар. Сондықтан қоғамды үнемі ақпараттандырып отыру керек, АИТВ-инфекциясы және оны емдеу мен алдын алуға қатысты жаңа мүмкіндіктер жайлы айту қажет.
АИТВ-ға шалдыққан пациенттерді емдеумен айналысатын медицина қызметкерлеріне білім беруде неге басымдық беру керек?
Білім алғаннан кейін медицина қызметкерлері пациенттердің құқықтарын терең түсініп, сонымен қатар емдеу немесе тестілеу кезінде құпиялық пен анонимдік сақтаудың маңызын білуі қажет.
Антиретровирустық ем алатын АИТВ жұқтырған әйелдер медициналық қызметкерлердің олардың алаңдаушылығын шынайы қабылдайтынын және стигмаламайтынын немесе кемсітпейтінін сезінуі керек. Қолдайтын және қамқор орта құру – пациенттердің үздіксіз ем алуын қамтамасыз ететін маңызды фактор. АИТВ және оны емдеуге қатысты білімнің жоғары кәсіби деңгейде болуы, соның ішінде өзекті медициналық кеңес бере білу де маңызды.
Қазақстанда АИТВ жұқтырған әйелдер мен
Т-еркектерге қандай ұйымдар құқықтық қолдау көрсетеді?
Біздің ұйым жұмыс істеген кейінгі кейстердің бірі – әйел денсаулығына қатысты тұжырымдама. Ол «Әр әйел, әр бала» деп аталады. Осы бағдарлама аясында «Дені сау отбасы төлқұжатын» енгізу жоспарлануда. Демек, некеге тұрғысы келетіндердің бәрі міндетті медициналық тексеруден өтуі керек болады. Соның ішінде АИТВ-ға тексерілу де бар. Бұл адамның отбасын құру құқығын бұзады. Тексеру мәжбүрлі емес, ерікті түрде болуы керек. Егер адам АИТВ-ға тексерілгісі келмесе, отбасын құра алмайтын болады.
Гендерлік теңсіздік жағдайында бұл әйелдерге теріс ықпал етеді. Өйткені олар некесі тіркелмей бірге тұруды жөн көріп, айырылысқан жағдайда ешқандай жолмен қорғалмайтын болады. Біз осы бойынша негіздеме дайындап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдадық. Біздің пікіріміз ескерілді, енді тұжырымдамада сраптама жасау ерікті түрде жүргізілетіні айқындалады. Дәл осындай белсенді азаматтық шаралар адам құқықтарын бұзбауға мүмкіндік береді.
Елдегі АИТВ жұқтырған әйелдер мен Т-еркектердің құқықтарын жақсарту үшін не ұсынуға болады?
Мұндай нәтижелерді Қазақстан Республикасы Үкіметі жақсы қабылдады, оның тарапынан жобаның ауқымын кеңейту бойынша қолдау көріп отырмыз.
Медициналық білім саласындағы стигма мен кемсітушілікке қатысты тренингтерді қолдап, АИТВ-ға шалдыққан әйелдерге және халықтың негізгі топтарына төзімдікпен қарауды насихаттау қажет. Біз үшін әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың өмір мен қоғамдағы әлеуетін барынша арттыратын мүмкіндіктерді көбейту ең маңызды бағдар болып қала береді.
«ЛБКТ-әйелдер мен T-еркектердің денсаулық құқығы», қазақстандық «Феминита» феминистік бастамасы, 2020
«ЖИТС-ті жеңуге бастайтын жол: ЮНЭЙДС-тің жаһандық ЖИТС індеті туралы баяндамасы – 2023», Женева: Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасы, 2023
«Ел бойынша жеткен прогресс туралы есеп – Қазақстан», ЖИТС індетінің жаһандық мониторингі, 2022