Университетте оқу: керек не керек емес екенін талқылау
Мадина Бөлембаева
15 желтоқсан, 2021
ЖОО КЕРЕК
ЖОО КЕРЕК ЕМЕС
Бағдарламашылар мен басқа IT мамандарына жоғары оқу орнында оқу мүлдем қажет болмауы мүмкін. Кодтау, жазу, әзірлеу тәжірибе жүзінде жақсырақ іске асады. Тез өзгеретін бұл бағыт үшін университеттер тым ебедейсіз. Цукерберг пен Джобс Гарвард пен Йельсіз-ақ өз империяларын құрды. Сондай-ақ зергер, реставратор, дизайнер, актер, модель, хабар жүргізуші мен аспаз да онсыз жетістікке жетіп жатыр. Бұл кәсіпқойлар үшін портфолио, харизма мен дағды әлдеқайда маңыздырақ. Ал құтқарушы, өрт сөндіруші, модель мен бишіге дене шынықтыру қажет.
ЖОО КЕРЕК
ЖОО КЕРЕК ЕМЕС
ЖОО КЕРЕК
Жоғары оқу орнында бәрі оңайырақ. Онда бір топ пікірлестері, құрдастары бар, бәрі өзі сияқты жастар. Жоғары оқу орнында олқылық пен қателік үшін жұмыстан шығармайды, өйткені бүкіл курс ағаттық жасайды. Және көптеген кәсіби байланыс университетте жасалады. Мүмкін, сабақта қасыңызда отырған студент болашақ іскер серіктесіңіз шығар.
Жоғары білім алу адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады. Сонымен қатар, мұнда дербестік қалыптасады әрі пайдалы бәсекелестік бар. Бұған қоса, біздің менталитетімізде зиялы қауым – түгелімен жоғары білімді адамдар деген пікір қалыптасқан.
ЖОО КЕРЕК ЕМЕС
Адамдар жоғары білімі болмаса да, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізген көптеген мысал естеріңізде екеніне сенімдімін. Мысалы, Аристотель Онассистен бастап Тарантино мен Кэмеронға дейін.
ЖОО КЕРЕК
ЖОО КЕРЕК ЕМЕС
Ал жетістікке жеткен қазақстандық кәсіпқойлар бұл туралы не ойлайды?
Қаржы директоры:
Кәсіпкер, Compote, Umami ортақ иесі:
Журналист, публицист:
Данный проект реализуется с помощью гранта от Посольства США в Нур-Султане, Казахстан. Мнения, выраженные в материалах, принадлежат их авторам и не обязательно отражают точку зрения Правительства США или Дипломатической Миссии США в Казахстане.