Маңызды мәселе: Жыныстық ағарту жұмысы не үшін керек?
28 тамыз 2020
«10 жастағы бала үшін жыныстық ағарту бұл азғындық!
Баланың әуестігі саласының ерте шегіндірілген тежелуі мектептерде жыныстық ағарту барысында болуы сөзсіз. Бұл баланың зияткерлік және эмоциялық дамуы үшін қажетті күш-қуатын төменгі арнаға бағыттау.
Бұл балалыққа қарсы қылмыс, өйткені жастық шақтың ең басты уайымы мен өмірдегі ең бір керемет естелік, көбінесе некемен аяқталатын алғашқы романтикалық махаббат болып табылады.
Ресейлік көрнекті сексопотолог профессор Г.С. Васильченко былай деп жазады: Егер бозбала алғашқы махаббаттың романтикалық кезеңін бастан өткерммесе, оның одан әрі дамуы ТОЛЫҚҚАНДЫ ЕМЕС, болымсыз болады. Бозбалаға, егер жыныстық сипаттағы керек емес ақпарат (ЛГБТ, трангендерлер, т.т) кедергі келтіретін болса, осы кезеңді өткеру өте қиынға соғады.
Атақты психиатр Виктор Франкл мектепте алған жыныстық сипаттағы артық деректер көбіне психологиялық белсіздікке (импотенцияға) әкеліп соғады дейді. Бұл адамдар психиаторлардың жиі келетін пациенттері болса да олар тіптен сау адамдар болып шығады. Олардың психиаторларға жиі келуінің себебі де жастайынан керек емес ақпараттарды естігендерінде.
Ал жыныстық ағартушылық орынсыз жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін түрлі инфекциялық аурулардан қорғайды деген бекершілік. Жыныстық ағарту сонау 60-70 жылдары енгізілген батыс елдерінің тәжірибесі зорлау, түсіктер мен түрлі жыныстық аурулар санының тіптен көбейіп кеткендігін көрсетіп отыр. Сондықтан да олар 20-30 жыл бұрын-ақ алған бағытты күрт өзгертіп, пәктік сабақтарын енгізу туралы айта бастады. Ал біздерде осынау білім беретін сэконд-хэндті енгізгісі келеді!
Бүгінде Германияда отбасы құрылмайды, балалар дүниеге келмейді. Біздерге де сол елдердегі секілді мигранттарды әкелсін дейсіздер ме? Мүмкін бұның астарында жасырын мақсат – жерімізді адамдардан тазарту тұрған шығар?
Егер Германияда бұндай бассыздық тоқтатылмаса, халқы түгел қырылып қалуы мүмкін.
Олардың жерлерін өзіндік тәртібі, ережесі мен дәстүрлі білім беру жүйесі бар басқа халықтар басып жатыр.
Әлбетте бұл , адамдарды адамдығынан айырып, жер шары тұрғындарын қысқартуға бағытталған.
Алайда, Қазақстанға халықтың көбейіп кету қаупі төнбейді! Бізге өз жерімізде өзге емес, өз адамдарымыздың өсіп-өнгені керек.
Мен ата-аналар мен адал шенділерді айналада болып жатқанды мойындап, өз балаларымызды осы ЖАМАНДЫҚТАН қорғауға шақырамын!
Тамиля Анчуткина
БҰҰ дерегі бойынша жыл сайын дүние жүзінде 15-19 жас арасындағы 16 млн. қыз бала босанады екен. Жүктілік пен босану барысындағы асқыну осы жас тобындағылар арасындағы өлім себептерінің негізгі себебі болып отыр. Сондай-ақ, дүние жүзілік ұйым дерегі бойынша 15-24 жас арасындағы жастардың тек үштен бір бөлігі ғана АИТВ (ВИЧ) жұғу тәсілі мен осы аурудың алдын алу жолдары туралы біледі екен.
Жыныстық ағарту – осындай мәселелердің бірден бір шешімі. Сондай-ақ, мамандар мектеп жасына дейінгі балалар да өз тәні туралы бастапқы түсінігі болуы керек және де тиісу мен зорлық-зомбылық жағдайларын ажырата білуі керек деп санайды.
Сарапшының пікірі
Жыныстық ағартуға неліктен көңіл бөлу маңызды?
Жыныстық ағарту қауіпті ме және жыныстық тәрбиенің кері салдары болуы мүмкін бе?
Баламен жыныстық қатынас жөнінде қай уақытта әңгімелескен жөн?
Жыныстық ағартудың артықшылықтары неде?
Жыныстық ағартудың артықшылықтары неде?
«Біз ата-аналардың өз балаларын сексуалдық/жыныстық сауаттылыққа өзіміз үйрете алатын жағдайдамыз дегендерін жиі естиміз. Ал іс жүзінде ата-ананың көбі гигиенаны басқару мен жыныстық өмірдің қарапайым базалық құралдарын білмейтіндігін көреміз.
Мемлекеттік білім беру мекемелерімен жүйелі түрде таратылатын жыныстық ағартудағы ең маңыздысы– материалды дайындаушылардың, яғни оқытушылардың, әдіскерлердің, сексологтардың, психологтардың сараптамасы. Бұл сарапшылардың ата-аналарға қарағанда академиялық жүйелі тәжірибесі бар.
Жыныстық ағарту балалар мен жасөспірімдерге өз тәні мен өз қажеттілігін түсіне және сол күйінде қабылдай отырып, қауіпсіздікте өсуге көмектеседі. Және де осы мәселеде кезеңдік ыңғай өте маңызды – жыл өткен сайын ақпаратты біртіндеп, көбірек бере бастау керек. Балаға 2-3 жастан бастап-ақ тазалық туралы айтуға болады. Міндет – бала сырттан теріс, қауіпсіз емес немесе теріс ақпарат алмас үшін жыныстық ағарту туралы барлығын барынша ертерек айту. Мысалы, порноға қатысты - жасөспірімдер порно көреді, оны адамдар арасындағы жыныстық қатынастың әдеттегі бір нұсқасы деп қабылдайды.
Жыныстық ағарту сабақтары ерте жыныстық қатынасқа итермелемейді, керісінше, тек өмірді сапалы етуге, баланың жанын жаралайтын көптеген нәрселердің алдын алуға көмектеседі. Бала өседі және уақыты келгенде жыныстық қатынасқа түседі, ал жыныстық ағартудың міндеті бала тек қауіпсіз тәжірибе ала білуіне, сол тәжірибеден сынбай, сапалы жыныстық өмір сүруіне көмектесу. Жыныстық тәрбие сабақтары жыныстық қатынасқа шақыру емес, бұл сабақтарда өзінің білімсіздігінен бар өмірін бүлдірмей, қауіпсіздікте болуға көмектесуге үйрету болып табылады.
Данная публикация произведена в рамках проекта MediaCAMP и стала возможной благодаря помощи американского народа, оказанной через Агентство США по международному развитию (USAID). Manshuq Media несет ответственность за её содержание, которое не обязательно отражает позицию USAID, или Правительства США, или Internews.