Қазақстандық жасөспірімдер жыныстық саулық пен репродуктивтік құқықтар жайлы не біледі?
Арнайы жоба Орталық Азиядағы Нидерланд Корольдігі елшілігінің қолдауымен дайындалды
14 қаңтар 2025
Алғашқы сұрақ мынадай болды: «Сіз жыныстық және репродуктивтік саулық туралы неше жаста білдіңіз?»
Ал психологтар мен сексологтар балаларға ерлер мен әйелдердің физиологиясы туралы ерте жастан айтып, маңызды нәрселерді түсіндіруді ұсынады. Мысалы, балаға ешкім оның рұқсатынсыз денесіне қол тигізуге құқығы жоқ екенін айту қажет. Алайда қазақстандық балалар бұл маңызды ақпаратты жиі жасөспірім шағында ғана біледі. Бұған мысал ретінде бір респонденттің жауабын келтірсек болады. Ол нақты жасын көрсетудің орнына «Шынымды айтсам, жасымды нақты айта алмаймын. Менімен ешқашан әңгіме жүргізбеген, бәрін аздап әр жерден білдім» деп жазған.
Бала дұрыс дамуы үшін оған жыныстық және репродуктивтік саулық туралы ақпаратты біртіндеп, жас ерекшелігіне сай ұсынып отыру қажет. Бастапқыда ата-аналар адам денесінің қалай жұмыс істейтінін, жыныс мүшелерінің қызметін, ұл мен қыздың айырмашылығын түсіндіруі керек, одан кейін – гигиена туралы айтуы қажет. Бұл балалар қалай пайда болады немесе қалай сақтану керек деген бір ғана үлкен әңгіме емес. Балаға ақпаратты біртіндеп, спираль тәрізді әдісте беріп отыру керек. Өкініштісі, мұндай құбылыс біздің отбасыларда әлі күнге дейін сирек кездеседі, бұған дәлел – осы сауалнама».
қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, дәрігер, Қазақстандағы ЮНФПА-ның бағдарламалық қызметкері:
Біз «Қандай тақырыпта әңгіме құрасыздар?» деп сұрадық. Әңгіме көбіне жыныс мүшелерінің гигиенасы тақырыбымен шектеледі екен. Қазақстанда секс тақырыбы жабық, табу күйінде қалып отыр. Отбасында мұндай тақырыпты қозғайтындар некен-саяқ.
Қазіргі ақпараттық кеңістікте ақпарат өте көп, бірақ жасөспірімдер жыныстық қарым-қатынас туралы ақпаратты көбіне порнографиялық фильмдерден алады деген дерек бар. Сәйкесінше, ақпарат оларға қаншалықты бұрмаланып жететінін түсінуге болады.
Қазақстандағы БҰҰ-ның халық қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) Y-PEER жастар желісіне қолдау көрсетеді. Мұнда жасөспірімдер жыныстық және репродуктивтік саулықты қорғауды үйреніп, ол ақпаратты «тең – теңге» әдісі арқылы бір-біріне жеткізеді. Олар бір-бірін үйретіп, мектептерге барып, жастарды ақпараттандыру мақсатында шағын сессиялар өткізеді. Сонымен қатар бізде Жастар денсаулығы орталықтары бар: гинеколог, психолог, уролог, венеролог сияқты тәжірибелі әрі жоғары білікті мамандар – кеңес беріп, арнайы көмек көрсете алады».
«Сіздің ойыңызша, репродуктивті құқықтар деген не?» деген сұраққа да қызықты жауап алдық:
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша, репродуктивті құқықтар – ерлер мен әйелдердің өз репродуктивті саулығына қатысты, соның ішінде бала туу, оның уақытын анықтау және дүниеге келетін балалардың аралығын жоспарлау бойынша еркін әрі тәуелсіз шешімдер қабылдау құқығы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша ақпарат алу құқығы. «Еркін әрі тәуелсіз» дегеніміз осы шешімдердің еш кемсітусіз, қысым көрсетусіз және зорлық-зомбылықсыз қабылданатынын білдіреді».
Екінші мәселе – контрацептивтердің қолжетімсіз болуы. Біздің нарықта олардың бағасы айтарлықтай жоғары: сапалы мұшеқаптар, ауыз контрацептивтері қымбат тұрады. Біз бұл мәселе туралы үнемі айтып, контрацепция құралдарын тым болмағанда жасөспірімдер сияқты белгілі бір топтарға арналған кепілді тегін көмектің құрамына енгізуге бағытталған адвокаттық жұмыстар жүргізіп келеміз».
Сондай-ақ біз оқырмандарымыздан жыныстық саулық пен репродуктивтік құқықтардың өзара байланысын қаншалықты түсінетінін сұрадық.
Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізе алуды да қосар едім – қазір көп мәселе ақпараттың жеткіліксіз болуынан туындап жатыр. Мысалы, шалғай ауылдарда адамдар үйленген соң, қалыңдықтың ақша ұстауға мүмкіндігі болмай, оны тек бала тууға мәжбүрлейтін жағдайлар кездеседі. Әрине, бұл репродуктивтік құқықтардың бұзылуы саналады, мұндай жағдайда әйелдің репродуктивтік саулығы да, жалпы денсаулығы да зардап шегеді».
«Сіздің ойыңызша, жыныстық саулық туралы не білу қажет?» деген сұрақ респонденттердің не нәрсеге басты назар аударатынын анықтауға көмектесті.
«Жеке шекараларды орнату және оларды сақтау тақырыбының жиі қозғалғаны қуантады. Бұл ретте келісім қағидасы туралы айтқанда, сөз өзара келісім туралы екенін білу маңызды. Өзіңе және серіктесіңе, сонымен қатар жыныстық қарым-қатынасқа жауапкершілікпен қарау керегін есте ұстау керек.
Секске экологиялық көзқарас дегеніміз – жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, соның ішінде АИТВ профилактикасы, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, контрацепция құралдарын пайдалану және зорлық-зомбылыққа, соның ішінде жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу. Әрине, мұның бәрі ашықтық, өзін-өзі тану және білім алу арқылы келеді. Менің ойымша, біздің жасөспірімдер бұл туралы жиі ойланып, жыныстық саулық жайлы білуі қажет тақырыптарды жиі көтереді».
«Негізінен, қатысушылар басты мәселелерді дұрыс атап өтті. Бірақ мен мына нәрсеге тоқталғым келеді: балалардың білімін белгілі бір жастан бастап арттыру өте маңызды, яғни ақпаратты олардың жас ерекшелігіне сай ұсыну қажет.
Еуропаның көп елінде жыныстық тәрбие балабақшадан басталады: балаларға қыздар мен ұлдардың физиологиясы түсіндіріліп, біртіндеп күрделі тақырыптарға көшеді. Көп зерттеу көрсеткендей, егер жас балаға дұрыс ақпарат беріліп, адамгергершілікке негізделген жыныстық тәрбие берілсе, онда оның жыныстық өмірді кештеу бастау ықтималдығы жоғары болады. Өйткені жыныстық өмірдің қауіп-қатерін білген бала ойланып, мұндай білімге ие емес жасөспірімге қарағанда жыныстық жүріс-тұрысына жауапты қарайды.
Тағы бір маңызды жайт – қазіргі таңда Қазақстан жастары арасында АИТВ-инфекциясына шалдыққандардың саны артып келеді. ЮНФПА Қазақстан жасөспірімдерінің жыныстық және репродуктивтік саулығына қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізді. Ол зерттеуде біздің елде жыныстық қатынасқа түсу орта есеппен 16,5 жаста басталатыны айтылған. Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің үштен бірінің екі-үштен астам жыныстық серіктесі болған. Олардың кейбірі соңғы жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолданбаған. Ең маңыздысы – жасөспірімдерден АИТВ туралы сұрағанда, олардың 9%-ы ғана АИТВ-ға қатысты бес негізгі сұраққа дұрыс жауап бере алған. Яғни, білім деңгейі өте төмен».
Егер респонденттерде қиындық немесе күмән тудырған сұрақтарға келер болсақ, онда олар нақты мысал мен жағдайға байланысты.
Сонымен қатар респонденттердің жартысы мүшеқап киген жағдайда гениталдық герпесті жұқтыру мүмкін емес деп есептейді. Ал етеккір кезіндегі жыныстық қатынасқа қатысты мифке келсек, жағдай сәл жақсырақ: жауап берушілердің тек 10%-ы етеккір кезінде жүкті болу мүмкін емес деп ойлайды. Қалған респонденттер мұндай күндерде де жүкті болып қалу мүмкіндігі бар екенін айтады.
«Жасөспірімдер арасындағы ең танымал тақырып – жыныстық өмірге қатысты кең таралған мифтер.
Бірінші миф – жігітте эякуляция болмаса, жүкті болмайсың. Неліктен мұның қате екенін түсіндіру маңызды? Себебі қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында қаламайтын жүктіліктің алдын алудың ең танымал әдістерінің бірі – үзілген жыныстық қатынас. Жігіттердің негізгі дәлелі – «шәует шықпайды, үлгеремін». Бірақ мәселе мынада: эякуляцияның өзіне дейін бөлінетін сұйықтық құрамында сперматозоидтар болады. Олар миллион болмаса да, аналық жасушаны ұрықтандыруға жеткілікті. Жігітте эякуляция болмаса да, қыздың жүкті болып қалуы мүмкін екенін айтатынымыз сондықтан.
Сонымен қатар мүшеқап кисе, гениталдық герпесті жұқтыру мүмкін емес дейтін пікірге де қатысты түсініктеме бергім келеді. Себебі жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың отыздан аса қоздырғышы бар. Егер герпеске келер болсақ, ол вирустық сипатқа ие. Ал вирус тек жыныстық жолмен ғана емес, қарапайым байланыс арқылы да таралуы мүмкін. Яғни, мүшеқап болған жағдайда да жұқтыру ықтималдығы бар».