Медиасауат туралы мәтінді «күнә», «жан» сияқты теологиямен және терминдермен бастау біртүрлі, бірақ біз осылай бастаймыз. Өйткені «Жақсы әлем» сериалының айтқан ескертулері соңғы уақытта өзектілігін жоғалтқан жоқ, тіптен жаңа, өте өткір өзекті жағдайға ие болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан, Кариб теңізі дағдарысынан кейінгі соңғы уақыттарда жан-жақты және апатты дағдарысқа әлем кезікпеген еді. Менің замандастарым ондай апатты көрген емес.
Сондықтан біз медиасауат туралы айтып отырмыз.
Медиасауат туралы алғаш рет бес жыл бұрын АҚШ-та іссапармен жүргенімде естідім. Бұл Трамп әкімшілігінің бірінші жылы еді және елдің тең жартысы әлі де 2016 жылғы президенттік жарыстың басында ел аса назар аудармаған осынау бір популистік демагогтың кенеттен Сопақ кабинетке қалай кіріп кеткенін анықтауға тырысқан уақыт еді. Вашингтонда бір топ әріптеспен бірге медиасауат (media literacy) ұстаздарымен сөйлестік, содан кейін мен бұл пәннің қаншалықты маңызды екенін ұқтым, ол мектепке де, университеттік бағдарламаларға да, ресми білім алуды бұрынғының сарқыншағы деп есептесеңіз, өзіңіз оқу үшін де қажет екенін түсіндім. Әлеуметтік медианы шебер пайдалану, мақсатты Facebook жарнамасы және бейтарап консервативті БАҚ-тың қолдауы төрт жылдан кейін Капитолийге көтерілісшілер тобын шығару арқылы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген адамды Ақ үйге әкелді. КьюАнон және қастандық теориялары, нәрестелер мен кесірткелерді жеу, ғаламшарды жасырын билейтіндер туралы ақылсыз идеялардың шынайы әлемде өте объективті және қорқынышты салдары бар, яғни бидайды сабаннан ажырата алмағанымыз үшін төлейтін ақымыз осы: бізге ұсынылатын ақпараттың сапасына көз жеткізбеу және интеллектуалдық жалқаулық. Бұл тек Америкаға қатысты жайт емес, бүкіл әлемде медиасауатсыздығының құрбаны болған жақсы адамдар жетерлік.
Ғасырымыз өте қауіпті болып көрінеді, өйткені шындықтан кейінгі дәуірде өмір сүріп жүрміз. Әрбір мәлімдеме, тіпті ол өте абсурд, жалған немесе жеккөрінішті болса да, қолдаушыларын да, дәлелді де таба алады. Ақиқат, объективті, ғылыми және фактілермен расталған білім пікірталастағы соңғы дәлел болудан қалды. Бұл өте қорқынышты, бірақ ол бізді желілік дезинформацияның сиқырлы өрісі арқылы, қайнар көздерге, дәлелденген әдістерге оралуға мәжбүрлейді.
Ғылым.
Ғылым өзінің іргелі кәсібін – зерттеу, тексеру, қайталау және қорытынды жасауды жоғалтқан жоқ. Көптеген жосықсыз ғалымдар оның беделіне нұқсан келтіреді, бірақ жеке ерекшеліктер ережені өзгертпейді. Ғылымға сенуге болады – сондықтан біз өркениет сатысында тұрмыз, барлық аурудың түгелге жуығының емі бар, жалпы сауаттымыз, ашаршылық қаупі аз, Марсты отарлау жоспарлары, иә, iPhone телефондары да, цифрлық теледидар және интернет бар. Коронавирус пандемиясы көп нәрсені, соның ішінде адамзаттың жаһандық қауіпке қарсы тұру және бір жылдан аз уақыт ішінде вакцина жасау қабілетін көрсетті. Сондай-ақ, антиваксерлер қосынына да сансыз адам қосылды. Олардың өз ұстанымдарын жақтайтын дәлелдері көп, бірақ мен олардың бұрынғы ғасырларда миллиондаған адамның өмірін қиған бубонды оба, тырысқақ және шешекпен, полиомиелитпен (өткен ғасырдың ортасында әр қоғамдық бассейндегі балалардың басын өлімге байлаған) күресуге дайындығын білгім келеді. Ол кезде мәселе тек екпенің арқасында ғана шешілді, бүкіл тарихында медицинаның басты жетістігі болып саналған вакцинацияға кенеттен адамдар неге сенбей қалғаны түсініксіз. Ол үшін бірнеше онжылдықта жалған ақпараттың өршуі себеп, басқа ештеңе де емес.
Этика.
Ыбырайым дінінің қасиетті кітабында адам өлтіруге және ұрлыққа сөзсіз тыйым салынған, негізгі нәрселер жазылған сияқты. Бұл ережелер әркімге бірнеше мыңжылдық бойы түсінікті болған сияқты еді. Өлтірмеңіз және өлтіруді құптамаңыз. Ұрлық жасамаңыз. Сатқындық жасамаңыз, жаман болмаңыз, өтірік айтпаңыз. Соған қарамастан, біз биологиялық түр ретінде үнемі баяғы бір қателіктерімізге ұрына береміз.Сыни пайым.
Философ Рене Декарт сонау XVII ғасырда бәріне күмәндануға кеңес берді және күмән философиясы негізінен бұрынғы діни дәуірдің «ғылымынан» және этикасынан (жер жалпақ деген теория да, ертегідегі құбыжық василиск бар деген сенім де ғылымның бір бөлігі болды, ал жалғызбасты қарт әйелдерді шайтан санап, оларды өртеу этикалық әрекет болып саналды) күманданды. Біздің күрделі уақытымызда, елдің бәріндегі жүйкенің тозуына қоса күмәнданыңыздар дегім келмейді, ондай жағдайда паранойя басталып кетер. Бірақ өйтпеске де болмас.Медиасауат – адам болып қалу үшін әрбір жеке адамға қажет. Мейірімді, адал, абыройлы және тәуелсіз болып қалу үшін керек. Ал қалғанының бәрі осыдан келіп шығады.
Бұл жоба Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің грантымен жүзеге асырылуда. Материалдарда айтылған пікірлер авторларға тиесілі және АҚШ үкіметінің немесе Қазақстандағы АҚШ елшілігінің көзқарасын білдірмейді.