Жасөспірімдер «Сыни ойлау дегеніміз не және ол бізге не үшін қажет?» деп ойға шомады
Бірде біздің үйге танысымыз қонаққа келді, ол шағын ауыл емханасында терапевт дәрігер болып жұмыс істейді. Бұл коронавирустың «гүлденген» кезі еді, сөйтіп мен одан өзіне қандай вакцина салдырғанын сұрадым. Бұған алған жауабым: ол өзіне және туғандарына жалған анықтама жасапты, өйткені оның пікірінше, вакцина иммундық жүйені әлсіретеді. Бұл фейк адамдардың тұтас бір тобының ойына оп-оңай әсер етуі мүмкін екенінің жарқын мысалы. Абыройы зор бір адамның қателескені жеткілікті – қалғандары домино принципі бойынша оның артынан құлайды. Егер оның туыстарының бірі болғанымда және медиа саласында жұмыс істемегенімде, менің де антиваксерге айналуым мүмкін еді – өйткені өзіме жақын адам және сонымен қатар тиісті саланың маманы маған жамандық тілемейді деп ойлайтын едім. Оның үстіне, көп жағдайда өмірдің қазіргі қарқынымен қаптаған фейктің арасынан ғылыми растау іздеуге уақыт жетпейді – өзіңе ұсынылған дайын нәрсені қабылдау оңайырақ. Сондықтан кейде біз айқын фактілерге емес, сенгіміз келетін нәрсеге илануды жөн көреміз.
Миымыз әрқашан ең оңай жолмен жүруді таңдайды. Жаңа контентті талдау үшін барған сайын көбірек күш салу қажет – гуглда бір сұрау салғанда көп терабайт ақпарат табылуы мүмкін. Сыни ойлау екінші немесе тіпті үшінші планға кете бастады. Ол туралы барлық жерде айтылатын сияқты, бірақ өмір (менің жағдайымда – алаяқтар) аяғыңнан шалғанда ғана шынымен түсіне бастайсың. Бір күні мен «қатерлі ісікке шалдыққаны анықталған» анасын емдеу үшін қаражат жинау науқанын бастаған бір қыздың сторисіне репост жасадым. Мен қатерлі ісіктің қандай түрі анықталғанын, неліктен ақшаны шетелдік банкке аудару керек және оның анасының түр-сипаты қандай екенін – ақырында кімге көмек берейін деп жатқанымды білмедім. Еш ойланбастан ақшаны аударып, репост жасадым, ал бірнеше сағаттан кейін жасаған нәрсемнің бәрін қайта ойладым.
Осы ауыр тиетін ойлардан кейін мен түнелдің соңында жарық болатын фактімен бөлісемін – сыни ойлауды кез келген басқа дағды сияқты дамытуға болады. Ол бұлшықет сияқты, яғни егер оны дамытпаса, ол бірте-бірте тонусын жоғалтады. Бір кезде ол қатты әлсіреп, тіпті өз денеңді бақылау қабілетінен айырылуы қаупі бар. Бірақ ойлауға қатысты жағдайда бұл әлдеқайда қорқынышты – ақыл-парасатымызды бақылау әлсірейді. Бұл, өз кезегінде, басқа адамдарға сізге оңай манипуляция жасау және сіз үшін маңызды өмірлік шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Маған ащы сабақ болған аталмыш жағдай сыни ойлау қабілетімді «тонуста ұстауға» үйретті және мен өзім үшін фейк ақпараттан және алаяқтардан қорғанудың үш ережесін белгіледім.
Өзіңе сұрақ қою
– Мәтіннің мақсаты қандай?
– Автор қандай деректерге сілтеме жасап отыр?
– Неліктен мәтін күшті эмоция тудырады?
Өзіңізге үш сұрақ қоюға болады, сонда көп нәрсе өз орнына келеді. Манипуляцияға қарсы бойтұмар сияқты.
Қателікті мойындау
Сенімді дереккөздерді оқу
Ақырында, сыни ойлау – бұл жалған ақпаратпен күрес қана емес. Бұл бір жағынан бізге таңдау еркіндігін береді, басқа біреудің пікірінің жетегінде кетпеуге көмектеседі. Әрине, бұл уақыт пен күш-жігерді қажет етеді, бірақ бұл бағаға тұрарлық емес пе?
Бұл жоба Қазақстанның Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің грантымен жүзеге асырылуда. Материалдарда айтылған пікірлер авторларға тиесілі және АҚШ үкіметінің немесе Қазақстандағы АҚШ елшілігінің көзқарасын білдірмейді.