Қайсы дұрыс? Желідегі қауіп-қатерге қатысты жасөспірімдердің сұрақтарына сарапшылар жауап береді
24 наурыз 2023
1 кейс
Медиасауаттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«Кіммен сөйлесіп жатқаныңызды түсіну өте маңызды. Басқа біреуге ұқсайтын фейк парақшаны пайдалану арқылы сіздің сеніміңізге кіруі мүмкін. Ол бұл мақсатта басқа адамдардың фотосуреттерін пайдалана алады. Парақша шынайы екенін қалай тексеруге болады? Мысалы, фотосурет арқылы іздеп көріңіз. Ол үшін интернетте танысқан адамның скриншоты немесе профиль фотосуреті мен Google немесе Yandex қажет. Іздеу жүйелері осы фотосуретпен өзге фотосуреттің ұқсас әлде ұқсас емесін анықтайды. Бір фотосуретті қойған, жасы және тұрғылықты мекенжайы, атауы бөлек бірнеше парақша немесе бір суретті қойып, бір атауды иеленгенімен, сіздің тұрғылықты мекенжайыңыздан әлдеқайда шалғайдағы қалада тұратын парақша шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол адаммен қарым-қатынасты жалғастыру керек пе, ойланып алыңыз. Ең дұрысы, ол адамға тікелей жазып, оның суретін басқа пайдаланушы иемденгенін ескертіңіз. Кейде іздеу жүйесінен ұқсас фотосуреттер табылмауы да мүмкін. Қалай болғанда да, жақын танымайтын адамға ақша жібермеңіз. Сізде ондай сомадағы қаржы жоғын сыпайылап жеткізіңіз, біреуге қарызға ақша бермейтініңізді, ал болған жағдайға алаңдайтыныңызды да білдіріп қойыңыз».
2 кейс
Марал Айтмағамбетова
Медиасауаттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«Қудалау интернетте жүрсе де, оның тамыры мектепте екенін түсінеміз. Оның үстіне бәрі мектептегі чаттан басталыпты. Кибербуллинг әрқашан цифрлық жүйеде сақталады. Қауіптерді тіркеу, скриншоттар жасау және экрандағы ақпаратты жазып алып отыру керек. Мұндай қадамды буллерге де ескертіп қойыңыз, көп жағдайда сіздің бұл әрекетіңізден соң қудалау тоқталуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі жазбалар немесе пікірлер үстінен шағым түсіруге, ережені бұзған аккаунттар туралы хабарлауға болады. Сізге тиіскендер фейк аккаунттар жасаса, құпиялылық параметрлерін өзгертуге, жасырын сөздер мүмкіндігін орнатуға, жеке пайдаланушылардың пікірлерін блоктауға немесе аккаунтыңызға кіруді шектеуге болады. Мұндай жағдайда өзіңіз сенетін ересек адамдарға (ата-ана, жасы үлкен туыс) хабарласып, жағдайды айтып қою өте маңызды.
3 кейс
Медиасауаттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«Фишинг – интернет-алаяқтықтың бір түрі. Алаяқтар пайдаланушы деректерін, яғни оның құпия сөздерін, несие картасы немесе банк шотының нөмірін алуға тырысады. Бұл деректерді ешкімге: шотыңыздан ұрлық жасау әрекетін анықтаған «банк қызметкерлеріне» де, ресми веб-сайтқа деректерді енгізуді сұрайтын «сатып алушыларға» да айтпау керек».
4 кейс
Медиасауаттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«Бұл қадам өте қарапайым: алаяқтар лайк немесе пікір үшін сыйлық таратамыз деп фейк байқау жасайды. Байқау «аяқталған» соң қылмыскерлер сансыз скриншоттар арқылы жеңгеніңіз туралы ақпаратты direct-ке жолдайды. Олар жеңімпазға сыйлықты жеткізу ақысын төлеуді ұсынады, ақшаны алған соң жоғалады. Алаяқтардың құрығына қалай түспеу керек? Біріншіден, тегін ірімшік тек тышқан қақпанында болатынын есте сақтаңыз. Екіншіден, сізге қандай да бір төлем түрін (жеткізу, салық және т.б.) жасаңыз немесе банк картасының деректемелерін немесе басқа жеке деректерді енгізу арқылы жүлде алуға келісіміңізді растасаңыз десе, бірден сақтана түсіңіз. Үшіншіден, ұйымның атын «google» арқылы іздеуге және байқаудың кілт сөздеріне «алаяқ» немесе «алаяқтық» сөзін қосып қарауға болады, басқа пайдаланушылар бұл ұйымға қатысты пікір қалдырған шығар».
Медиасауаттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«Мұндай сайыстар сенгіш адамдарды, әсіресе жасөспірімдер мен аға буынды қармаққа түсіреді. Мұндай жағдайлар көп. Сыйлық жіберу үшін пошта немесе курьерлік шығындар қаржысын аударуды сұрауы мүмкін. Ақшалай сыйлық береміз десе, олар сізге барлық соманы жіберу үшін комиссия төлеуді талап етуі ықтимал. Мысалы, 20 мың немесе 400 мың ұттыңыз, сол үшін 500 немесе екі мың теңге аудар дейтін болар. Бұл сома аз секілді көрінуі мүмкін және оны төлеу арқылы адам ештеңе жоғалтпайтын сияқты. Бірақ фишингпен немесе алаяқтықпен айналысатын адамдар үшін бұл үлкен ақша. Олар мыңдаған адамды алдайды. Ең бастысы, ұтыстар ұсынатын ұйымның беделін тексеру керек. Мұны жалған емес, шынайы пікірлерді оқып, таныстарыңыз бен достарыңыздан сұрау арқылы тексеруге болады. Ұйымның бар екеніне және оның рейтингі жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана, жеке мекенжайыңызды және пошталық мәліметтеріңізді жібере аласыз».
5 кейс
Медиасауттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«Видео арқылы іздеуге мүмкіндік беретін іздеу жүйелері бар. Тағы бір нұсқа, бірнеше скриншот жасау және фотосурет бойынша іздеу. Олар фейк видеоға немесе бұрын басқа локацияда түсірілген видеоға сәйкес келсе, оны бөлісуге болмайтынын бірден түсінесіз. Түрлі ұқсас видеоны қарап отырып, бастапқы дереккөзге шығасыз. Кадрдан тыс дауысы жоқ түпнұсқа видеоны таба аласыз. Фактчекинг жасамай тұрып, түпнұсқалығын тексермейінше және бастапқы дереккөзді таппайынша, видеоларды немесе жаңалықтарды кез келген форматта жібермеңіз дер едім. Түпнұсқа видеоның авторларымен немесе кейіпкерлерімен байланысу мүмкіндігі болса, хабарласып көріңіз. Қазір алаяқтардың көпшілігі дипфейктерді пайдаланады. Оларды жасанды интеллект оп-оңай жасайды. Олар кез келген адамның келбетін, кез келген дауысты жасай алады».
6 кейс
Медиасауаттылық үйінің сарапшысы, Павлодар:
«GetContact Қазақстанда кең танымал. Ол алғаш пайда болған кезде, адамдар қуана пайдалана бастады, бұл қолданбаға құрылғыңыздан барлық ақпаратты жинауға мүмкіндік берді. Адамдар басқа адамдардың құрылғыларында не деп сақталғанын көру мүмкіндігіне ие болды. Неліктен мұндай қолданбалар қауіпті? Құрылғыңызға кіруге рұқсат беру арқылы телефоныңыздағы кез келген ақпаратты – бүкіл телефон кітапшасын, контактілерді және олардың деректерін қолданба иелері пайдалана алады. Мұндай іздеу жүйелерін пайдаланбауды ұсынамыз, өйткені оларды қауіпсіз дей алмаймыз».
Бұл жоба Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің грантымен жүзеге асырылуда. Материалдарда айтылған пікірлер авторларға тиесілі және АҚШ үкіметінің немесе Қазақстандағы АҚШ елшілігінің көзқарасын білдірмейді.