Loading
Loading
0%
Меню
Поиск
Избранное
Manshuq LogoManshuq Slogan
Волна
Расскажи историю
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкастыСпецпроекты
Manshuq Logo
Виктимблейминг туралы білу қажет ақпарат
Жизнь
4 мин.
27.11.2019

Виктимблейминг туралы білу қажет ақпарат

Manshuq
Manshuq
Виктимблейминг туралы білу қажет ақпарат
Бұл материал «БҰҰ – Әйелдер» елдік офисімен бірлесе отырып, «Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан» аясында дайындалған.
Айна Досмахамбетқызы

28 қараша 2019

Виктимблэйминг деген не?

Виктимблэйминг – victim (зардап шегуші) және blaming (кінәлау) деген сөздерден құралған, және айтылуы күрделі сөз. Алайда, менің ойымша оны айтудан гөрі, қабылдау қиын. Логикаға симайтын нәрсе: зардап шеккен адам қалайша кінәлі болады? Егер солай болса, неліктен біз зорлыққа тап болған адамды жиі кінәлаймыз? «Тым ашық киінді», «Жүріс-тұрысы дұрыс болмады», «Қатты күлді», және басқа да осындай айыптаулар. Оның ашық киінгені басқаларға хайуанша әрекет етуге рұқсат бере ме?


Қоғамның зорлықтан зардап шеккен әйелді кінәлауы бір мәселе болса, зорлық құрбандарының өзін-өзі кінәлауы екінші күрделі мәселе болып келеді. Әсіресе, отбасылық зорлық-зомбылықты басынан кешкендер кешіргендер («бастан кешіріп жатқандар» деп жазған дұрыс шығар). «Артық сөйлеп қойдым», «Өзім кінәлімін» деп ерлерінің есалаң әрекеттерін ақтайды. Құқық қорғау органдарына отбасылық зорлық бойынша арыз жазатындардың саны өте аз, бола тұрса да, солардың 80%-85% бірер күннен кейін арыздарын қайтарып алады. Неліктен? 

Бұл сұрақтың риторикасы жаңа емес: біздің қоғамымыз зорлық құрбандарынан ұзын көйлек киіп, түн жамылғанда далада жүрмеуді, шашын жаймауды, артық сөйлемеуді талап етеді. Тек осындай талаптарды орындаған жағдайда онымен бірдеңе болса ғана, оны қоғам тыңдауға дайын. Бірақ, әттеген-ай, бәрі мұндай емес! Ал егер ол бұл «стандарттардан» ауытқыса, демек өзі кінәлі. Осы көзқарас қашан және қалай қалыптасты? Бұл көзқарастын түп тамырын адамның балалық шағынан іздеген дұрыс.


Бала тәрбиесінде екі маңызды нәрсе бар: өзінің жеке жауапкершілігі, және басқа адамның жауапкершілігі. Ол қалай? Мысалмен түсіндірейік. Егер бала жүгіріп бара жатып құлап қалса, анасы оған «көрдің бе, сен жүгірсең құлайсың» дейді. Уақыт өте балада сондай түсінік қалыптасады: «мен өзіммен болған нәрсеге жауаптымын». Бұл дұрыс түсінік. Ал енді, басқа ситуацияны алып қарайық. Жүгіріп келе жатқан баланы ит тістеп алса, анасы «жүгірмесең, тістемеуші еді» деп, өзі баласын қорғай алмағаннан болған ішкі кінәны балаға тағады. Балада бұл жолы «Егер мен жүгірмесем, ит мені тістемес еді» деген жалған жауапкершілік қалыптасады. Неге жалған? Себебі ит – бұл бірінші жағдайдағыдай қозғалыссыз жатқан субъект емес. Оның өз ойы, ниеті бар тірі жан. Ол баланы жүгірсе де, жүгірмесе де тістеуі мүмкін. Ал бала сол жалған жауапкершілікпен өсіп келеді. Балабақшада тәрбиеші балаларға айқайласа да өзін кінәлайды, мектепте директордың кабинетінен шыққан сынып жетекшісі көңілсіз болса да өзін кінәлайды, ата-анасы ажырасып жатса да кінәні өзінен іздейді. Оның үстіне, менталитеті бойынша қыздаан гөрі ұлдың дүниеге келуіне көбірек қуанатын қоғамда , виктимблеймингтың кең қанат жайғанына таңданбауғаболады. 

Виктимблэймингтың қауіпі неде?

Виктимблэйминг - бұл дәрменсіздік сезінуден психологиялық қорғаныс. Адам басқаларға қатысты зорлық-зомбылық көріністеріне тап болған кезде, оның өз қауіпсіздігіне деген сенімі бірден азаяды. Ал біздің психикамыз оған дайын емес. Біз үнемі қауіп күтіп өмір сүре алмаймыз. Сондықтан, «қоршаған орта маған қауіпті болуы мүмкін» деген тұжырымның орнына біз зорлықты бастан кешірген адам соған лайық деген теория қалыптастырамыз. Мұндай өзін-өзі алдаудың бағасы айқын: егер адам әлемнің қауіпті және болжанбайтын көріністерінің белгілерін елемейтін болса (әр нәрсені болжау мүмкін емес), ол ересектерге қатысты қауіпті сезімді дамытпайды және қауіп сезінсе басын құмға тығатын түйеқұс күйінде қалады. Бұл адамның шынайы нәрсе мен ойдан шығарылған нәрселерді ажырата алмайтындығына әкеледі. Сөйтіп, ол толық фактілерді ескермей, ойдан шығарған тұжырымдарын жинап, зорлық-зомбылықтың нақты құрбандарына оларды айыптайтын, кінәлайтын және ұяттайтын пікірлерін білдіре бастайды. Егер зорлыққа құрбан болған адамның психологиялық қорғанысы жетілмеген болса, бұндай айыптаудың салдарынан ол өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін.

Өкінішке қарай біздің қоғамда зорлық құрбандарымен де, зорлық жасаған адамдармен де жеткілікті деңгейде ешкім жұмыс істемейді. Биыл отбасылық зорлықты орта қылмыс деңгейінен жоғарғыға аударылды. Алайда ол да зорлық жасаған адамдармен біреулер жұмыс істейді деген сөз емес. Мұндай кісі өзіне тиесілі жазаны өтегеннен кейін бұрыңғы ісін қайта бастауы мүмкін.


Зорлық құрбандарына да дұрыс психологиялық көмек көрсететін мамандар саны көп емес. Мұндай мамандар болса да, зорлық құрбандары жоғарыда айтылғандай, не өздерін өзі кінәлап, не қоғамның айыптауын қабылдап, көмек керек деп ойламайды. 

Бұл көзқарасты қалай өзгертуге болады?
Зорлық – бұл «ұят» ұғымына қарағанда «өмір» ұғымына әлдеқайда жақын. Өкінішке орай зорлықты ақтайтындардың көбі – ер азаматтар. Олардың зорлықты ақтауы өзін-өзі басқара алмауын мойындауы деп түсінемін. Ер адамдар үшін зорлық әрекеті - ол біреуге бірдеңе дәлелдеу ғана: әйелін ұрып соқса әйеліне оныкі дұрыс емес екенін дәлелдегісі келеді, қызды зорласа өз-өзіне «еркек» екенін, немесе қыздарға олай киінуге болмайтынын дәлелдегісі келеді. Ал бұл бір адамның өмірі екені олардың ойына кіріп шықпайтын сияқты. Ол бір адамның өмірі екендігі ерлерге ойыншық нәрсе сияқты. Ол өмір бір ұрғаннан үзіліп кетуі мүмкін.

Фотосуреттер Unsplash
Поделиться:
ThreadsTelegramWhatsAppFacebookXLinkedIn

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

«В первый класс – в сотый раз!» : как не потерять себя между уроками, родительскими чатами и чужими ожиданиями
Жизнь

«В первый класс – в сотый раз!» : как не потерять себя между уроками, родительскими чатами и чужими ожиданиями

01 сент. 2026 г.12 мин
Три месяца жизни: каким было лето команды Manshuq
Жизнь

Три месяца жизни: каким было лето команды Manshuq

27 авг. 2026 г.8 мин
Женская династия: 16 случаев, когда одной выдающейся женщины в семье оказалось мало
Жизнь

Женская династия: 16 случаев, когда одной выдающейся женщины в семье оказалось мало

25 авг. 2026 г.11 мин

КОММЕНТАРИИ

ЧИТАЙТЕ ПО ТЕМЕ

01 сент. 2026 г.12 мин

«В первый класс – в сотый раз!» : как не потерять себя между уроками, родительскими чатами и чужими ожиданиями

27 авг. 2026 г.8 мин

Три месяца жизни: каким было лето команды Manshuq

25 авг. 2026 г.11 мин

Женская династия: 16 случаев, когда одной выдающейся женщины в семье оказалось мало

Подписка на Manshuq

ПОДПИСКА НА MANSHUQ

Получайте новости и расписание мероприятий первыми

О проектеКонтактыАрхивРекламаMedia Kit
ЖизньЛайфстайлКарьераБизнесОтношенияПодкасты
СпецпроектыBeautyА что, еслиAsk ManshuqЗдоровье ManshuqФинансы Manshuq
Manshuq
© 2026 Manshuq Media. Все права защищены.
Пользовательское соглашениеИспользование материаловРедакционная политика