Суретші Аида Әділбек: «Меніңше, сен ерте ме, кеш пе, отбасыңдағы әйелдерге айналатын сияқтысың»
11 шiлде 2023
Өзім туралы
Отбасымдағы әйелдер туралы
Шамамен сол уақытта Рустам Хальфиннің кітабын ұтып алдым, онда әртүрлі өнертанушылардың және онымен бірге жұмыс істеген қайраткерлердің көптеген мәтіні қамтылған екен. Оларды оқу арқылы мен оның «пулота» концепциясы – бір мезгілдегі бостық (пустота) пен толықтық (полнота) үйлесімі туралы көбірек білдім. Бұл сөзбен жұдырық етіп түйілген саусақтардың арасында: ауадан немесе бір кесек балшықтан болсын, оның маңызы жоқ, – пайда болған қарапайым пластикалық объекті аталады. Кітапта ол bodily camera obscura – денелік камера-обскура, яғни сыртқы дүниені ішке тоқитын, және сол жерден жаңа нәрсе шығаратын бірдеңе деп сипатталды. Әрине, ең бірінші ойға келетіні – қолмен жасалатын құрт. Мен Хальфиннің шығармашылығында әлдеқайда көп мағына жасырылған шығар деп ойладым, оның арамызда жоқ екені және мұны одан сұрай алмайтыным қандай өкінішті.
Менің үнемі жасалатын және көзге көрінбейтін еңбекке назар аударғым келді, көбіне-көп біз оның нәтижесін дағдылы нәрсе деп пайдаланамыз – бірақ оның жасалу барысына көбірек көңіл бөлген жөн, өйткені онда шипагерлік пен қамқорлық жасырын жатыр. DAVRA жарияланымына дайындала отырып мен әжелеріміз, аналарымыз, апаларымыз бізге жеткізетін барлық нәрсе туралы ойладым.
Көрменің атауы туралы
Сыртқы оқиғалардың өзара байланысы және өз сәйкестігіңмен сусындау туралы
Қай ұлтқа жататыным туралы
Мен көбірек дәрежеде орыстілді ортада өскен әріптестерім мен достарымнан уақыт өте келе оларда шынымен де осындай қайшылық туындайтыны туралы жиі естимін. Олардың өмір тәжірибесі мүлдем басқа және менің ойымша, бұл ұжымдық жарақатты өңдеудің ұзаққа жалғасатын процесі. Қазақша сөйлемесең, қазақ емессің дегенге келіп саятын қоғамдағы әлдебір стигманың әсерінен көп адамның әлі де қиындыққа тап болатынын білемін. Әрине, бұл біртүрлі тұжырымдама. Менің қазақтілді ортада өспеген достарым көп, олар тілді үйреніп жүр, қазақша сөйлеуге талпынады, түсінеді, сөйтіп мен бұдан олардың қазақ екені немесе мәдениетіміздің өкілі екені еш кемімейтінін көріп отырмын. Мүлдем әртүрлі адамдар бір мәдениеттің иелері болуы мүмкін, өйткені мәдениеттің өзі өте кең ауқымды және күрделі. Меніңше, қазіргі заманғы Қазақстанды өте қызықты ететін де осы жағдай сияқты.
Жергілікті суретші және қайраткер ретінде осында жүрген адамдарға ойымды жеткізгім: қазақ тілінде көбірек сөйлеп, көбірек жазғым келеді. Бұған қоса көп жағдайда орыстілді контент әлдеқайда қолжетімді, ал қазақтілді контентті алу, табу, сұрау керек. Бұл теңсіздікті мүмкіндігінше тепе-теңдікке жақындатқым келеді.